- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дертті бет пен...
Дертті бет пен қолға қарап та білуге болады
Адамның бет-жүзі мен қолына қарап та оның қандай дертпен ауыратынын білуге болады екен. Төменде жазылған кеңестерді назарыңызда ұстай жүріңіз! Егер өзіңізден сол белгілердің бірін байқасаңыз, тез арада дәрігерге қаралғаныңыз дұрыс болады.
• Шекеңіздің терісі қызара бөртсе, оны ішек қызметінің бұзылғандығы деп біліңіз. Маңдайыңыз қызарыңқырап тұрса, онда сіз тұтынатын тағамдардың құрамында тұз көп болғаны. Тұз — бүйректің жұмысына кедергі келтіреді. Ал маңдайыңыз бозарыңқы тартса, тәттіге аса құмар жанның бірісіз. Тәттіні шектен тыс жеу ағзаға зардап тигізеді.
• Екі қасыңыздың арасындағы әжімдердің сызығы көлденең болса, бауырдың қызметі нашарлады деген сөз. Маңдайдағы түзу және көлденең тартқан әжім белгілерінің көптеп кездесуі – құрамында ақуызы мол тағамдарды аса көп пайдаланудың салдары.
• Қос жанарыңыздың астыңғы және үстіңгі жағы қошқылданып, қатпарланып кетсе, бүйректің ауыратыны шүбәсіз.
• Беттің ұшы мен танаудың айналасындағы тері қабаттарының қызарып кетуі бұл ішек-қарын ауруларының туындағанын ұқтырады. Ал танау ұшындағы тамырлар көлемі кеңейіп кетсе, сөз жоқ жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жағдайдан ауытқығаны.
• Бет ұшы мен еріннің арасындағы бөлікте ақ немесе қара бөртпелер болса, сіз қант пен сүт тағамдарын молынан тұтынатын адамсыз. Сонымен қатар бронхит ауруының белгілері де беттің осы бөлігінде аңғарылады.
• Қолыңыз қысы-жазы жылымайтын болса, онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны. Ал алақаныңыз үнемі қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы «қайратының» кеми бастағаны.
• Алақаныңыз тершіп, дымданып немесе құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары. Қолыңыздың терісі ақжарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса, тәніңізде А, Д дәрумендері тапшы.
• Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қалғандай сезілетін болса, жүрек-қан тамырлары жүйесінде ақау бар. Егер жансыздану үлкен саусақтарыңыздан байқалса, ол тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
• Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, сусамырға шалдығуыңыз ғажап емес. Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе, ас қорыту жүйесіндегі ақауды, қоңыр-қызыл түске енсе, бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
• Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз. Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжарғақтанып, терісі түлей берсе, онда ол өт қалтасы жұмысы бұзылғанының белгісі.
Дереккөз: zamana.kz
О. Сансызбай