Вин Дизельдің сіз білмейтін тұстары

Вин Дизельдің сіз білмейтін тұстары
Фото: www.livestory.com.ua

"Форсаж" фильмі арқылы көпшілікке танымал болған Вин Дизель бүгінгі күнде ең танымал актерлер қатарында. Супер жүргізуші болмай тұрып, Вин 1998 жылы шыққан «Спасти рядового Райана» атты кино арқылы өзін жауынгер Капарцо ретінде танытып, мансабын жаңадан бастаған. Кейіннен оның таңдауы мен мансабы мүлде басқа жаққа бастаған. 

1) Туғандағы есімі Марк Синклер болған актер өз есімін өнер жолына келгенде өгей әкесінің есімімен Вин деп өзгертуді жөн санаған екен. Ал Дизель оның көлік айдағандағы жылдамдықты жақсы көргенімен қоса адреналин алғанды ұнататын себепті қойылған. Бір сөзбен айтқанда жанармайға толы жігіт.

2) Жастайынан киноға түсуді армандаған Вин Дизель жас кезінде брейкданс биін үйрететін видеолар түсіріп, ғаламтор арқылы танымалдылыққа ие бола бастаған. 

3) Әрине компьютерлік ойындар тек балалар үшін ғана жасалмаған. Оны көптеген үлкен адамдар да ермек ретінде қолданады. Вин Дизель де "Dungeons" және "Dragons" ойындарын ерекше беріліп ойнайды.

4) Вин Дизельдің де егізі бар, Пол есімді сыңары бүгінгі күнде режиссер қызметін атқарады. 

5) Вин және оның жұбайы Палома Хименес Пол Уокердың құрметіне қыздарының есімін Полина деп атаған.

B. ZHAQSYMBET