Вин Дизель қызының атын Пол Уокердің құрметіне қойды

Вин Дизель қызының атын Пол Уокердің құрметіне қойды

"Форсаж" франшизасында басты рөлді сомдаған Вин Дизель өзінің досы, әріптесі марқұм Пол Уокердің құрметіне қызының атын Паулиньо деп қойды.

Вин Дизель бұл туралы: "Қызым дүниеге келгенде Пол босану бөлмесінде болды. Баланың кіндігін кескенде тек Пол жайлы ойлап тұрдым. Сол сәтте оның жанымда болғанын білдім. Менің отбасымның, менің өмірімнің бөлігіне айналып, есімізден еш уақытта шықпауы үшін осы шешімге келдім", - дейді.

Қызының атын досының құрметіне қойғаны сағыныш пен қимастықтың белгісі екені айдан анық. Бұл ірі франшиза үшін жылдар бойы еңбектенген қос актер бір-біріне бауыр болып кеткенін бір емес бірнеше рет айтқан болатын.

Виннің қызы 16 наурыз күні дүниеге келген еді. Бұл жайлы актер өзінің Facebook парақшасында жариялады. Паулиньо Вин Дизель мен Палома Джименестің үшінші баласы. Дизель сүйіктісінің жүкті екенін біраз уақыт жасырып жүрген еді. Тіпті "Форсаждың" ұйымдастырушылары да білмеген еді. Сол себепті, 10 наурызда Абу-Дабиде болуы керек премьера 1 сәуірге ауысып, Лос-Анджелестке алмастырылды.

Солтүстік Америкада бұл фильм 3 сәуірде прокатқа шықса, біздің елімізде 9 сәуірден бастап көрсетіледі.

Сурет: motortrend.com

Оқи отырыңыз:

"Форсаж 7" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылды

"Форсаж 7" фильмінің толықтырылған трейлері шықты

Форсаж 7 фильмінің алғашқы постері шықты

"Қайсар әрі мейірімді бол, жаным"

Ф. Абилова