Габриэль Гарсиа Маркес: "Әйел адам әлемді басқаратынын толық мойындаймын"

Габриэль Гарсиа Маркес: "Әйел адам әлемді басқаратынын толық мойындаймын"
Фото: Дана Нұрмағанова

Габриэль Гарсиа Маркес — испан тілін әлемге танытқан колумбиялық жазушы. Ол «магия реализмі» атты әдеби бағыттың негізін салушы. Бұл – магиялық элементтердің шынайы өмірдегі көрінісін бейнелейтін көркем тәсіл.

Оның шығармашылығы мен өмірі аңыз бен жұмбаққа толы. Сол себепті Маркестің кітаптарын оқырман қызыға оқиды. Оның әр туындысында кесек ой мен терең тағылым жататыны әдеби жұртшылыққа мәлім. Назарларыңызға Габриэль Гарсиа Маркестің үздік дәйексөздерін ұсынамыз:

 

Мен ешқашан қалпақ кимеймін. Себебі, оны ешкімнің алдында шешкім келмейді.

***

Әйелдер тек жасаған опазыдықты кешіре алмайды. Егер ойын ережесін басынан ұйымдастыратын болсаңыз, әйелдер оны еріксіз қабылдайды. Алайда, ойын барысында ереженің өзгергенін жандары сүймейді.

***

Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді.

***

Ең үлкен бақытсыздық артында көл-көсір береке барына сеніңіз. Себебі, біз мұң-шерді сезініп барып осыған жете аламыз...

***

Егер нағыз махаббатыңызды тапсаңыз, ол ешқашан сізді тастап кетпейді.

***

Адамның жасы сандармен емес, өмірге деген махаббатымен анықталады.

***

Егер бір істің басында әйел тұрса, бәрі жақсы болатынына күмәнім жоқ. Әлемді басқаратын әйел адам екенін толық мойындаймын.

***

Өмір өткен күнмен емес, есте қалған сәттермен өлшенеді.

***

Адам есейсе де, ішінде бала болып қала береді. Әр қиын жағдайда сол баланың дауысын естуге тырысыңыз. Егер сіз онымен байланысты үзіп алсаңыз, өміріңіз қиындап кетеді.

***

Сенсіз өмір сүре алмайтын адамды бағала, сенсіз бақытты адамның артынан жүгірме.

***

Оңай келген бақыт ұзаққа созылмас.

***

Тірі заттар көп, тек оларды сөйлете білу керек.

***

Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді.

***

Мүмкін алдыңыздан шығатын адамдардың сізге лайық еместігі алдымен жоспарланған болар? Сонда адам өзінің сыңарын тапқанда, шынайы қуанып, бағалайды.

***

Естеліктердің өміріңізге бөгет етпеуіне тырысыңыз.

***

Бақытқа тең келетін дәрігер жоқ.

Ф. Абилова