Өз сыңарыңызды қалай танисыз?

Өз сыңарыңызды қалай танисыз?
Фото: Тимофей Старовойтов

Адамдар бірге болуды қаласа, оларды ештеңе айыра алмайды. Парыз, адал ниет секілді нәрселер бір адамды басқаға қоса алмайды.

Егер адам кеткісі келсе, үйін де, баласын да, тіпті өлім аузында жатқан мүгедекті де тастап кетіп қалады. Кеткісе келмесе, жаныңызда болады. Егер адам сіздің сыңарыңыз болуды қаласа, ешқандай кемшіліктеріңіз оны тоқтата алмайды. Егер адам болғысы келмесе, ешқандай ерекшелік, артықшылықтарыңыз оны ұстай алмайды.

Өзін ұсқынсыз, тартымды емес санайтын адамның өзіне де оны сүйетін жан кездеседі. Қанша жерден сұлу, тартымды болсаңыз да, сізден теріс айналып, басқаға кететін жандар болады.

Егер сізден біреу бас тартса, онда тұрған ештеңе жоқ. Одан сіз гүл секілді солып қалмайсыз. Өмірде сіздің сыңарыңыз бар. Осыны ұмытпаңыз. Ол сізді барыңызбен қабылдап, жақсы көретін болады.

Егер оны кездестірсеңіз, бір күні айырылысатыныңызды ұмытпаңыз. Өмір болмаса да, өлім айырады. Бұл дүниеге адам жалғыз келіп, жалғыз кетеді. Сондықтан барыңызды бағалап, әр сәтті жіберіп алмауға тырысыңыз.

Қаншалықты сүйсең, соншалықты жылы сезімге бөленесің. Егер біреуге махаббат сыйлай тұра, жек көрушілік пен ауырлықты сезінсеңіз, демек оған тәттімен әрленген у бердіңіз. Мұндай сый үшін алғыс қабылдауыңыз екіталай.

Жібере біліңіз. Сүйіктіңіз тек сіздің сыңарыңыз деген атаққа лайық деп санамаңыз. Біреуге барыңды беру – сирек кездесетін талант, сондай-ақ сирек кездесетін лағынет. Өзіңізді жоғалтып алмаңыз, қорқыныштан арылыңыз. Кететін адам бір күні кетеді. Сізді сүйетін адам мәңгі жаныңызда болады.

Сеніңіз, жылытыңыз, рақмет айта біліңіз. Ертеңгі күннің қандай болатынын ойлап, басыңызды ауыртпаңыз. Ең бастысы қазіргі шақ.

Өлі махаббат шіріп, иісі шыққанға дейін кетуге тырысыңыз. Жылдарды аяп, сүймейтін адамның қасында болудың еш мәні жоқ.

Құны бар нәрсені ақшамен сатып алуға болады. Біреудің көз жасына қалып, ұрланған нәрсе 100 еселеніп басыңызға келеді. Шын жүректен берілген нәрсенің бағасы қымбат.

Өз адамыңызды қалай анықтайсыз? Бұл аса қиын нәрсе емес. Жолда келе жатып, бір біріңізге соқтығысып қаласыз. Ол да, сіз де білген жоқсыз. Бір-біріңізді таптыңыз. Енді қай жаққа барсаңыз да, бірге жол жүресіз.

Ф. Абилова