Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Марко Балдери: "Қазақстанға қайта келемін"

Марко Балдери: "Қазақстанға қайта келемін"

Марко Балдери:

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Казкоммерцбанк» АҚ қолдауымен өтіп жатқан ІІІ Халықаралық опера және балет өнерінің фестиваліне арнайы шақырылған маэстро Марко Балдеримен болған сұхбат.

Марко, фестиваль шымылдығы сіздің жетекшілігіңізбен Пуччинидің «Богема» операсымен ашылған болатын. Фестиваль қалай өтті? Көрермен қойылымдарды қалай қабылдады?

Өте жақсы. Қазақстандық көрермендер өнерді жоғары бағалайтын парасатты жандар екен. Әр акт сайын қол соғып, шабыт беріп отырды. Сахнадағы әртістер де өз рөлдерін нанымды етіп шығарды. Мұны көрермен залында отырған жандар сезіп, өте жақсы қабылдады. Сондай-ақ, мен көрермендер залында отырып, «Анна Каренина» балетін тамашаладым. Тамаша! Сіздердің әртістеріңіз сол оқиғаны әдемі өнер арқылы керемет баяндап берді. Маған өте қатты ұнады! Браво!

Біздің көрермен мен итальяндық көрермендердің арасында айырмашылық бар ма?

Кейбір пікірлерді естіп, оқып жатып итальяндық көрермендер қойылымға нәр алу үшін, рухани азық алу үшін емес, біреуді сөз ету үшін, сыни пікірлерін айту үшін келеді деп ойлап қаласың. Италияда операны жақсы ұғынатын жандар бар. Сондай-ақ, үлкен өнерден бейхабар жандар да жетерлік. Ол тек Италияда ғана емес, барлық жақта кездеседі. Ал қазақстандық публиканың опера сияқты өнерге деген қызығушылығы мен құрметін көріп, ерекше қуанып отырмын.

Біздің әртістермен жұмыс істеу сізге қиындық туғызды ма?

Мен өз аудармашыммен келдім. Ол маған сіздердің әртістермен тілдесуге көмектесті. Ал негізі, сіздердің әншілеріңіз де, әртістеріңіз де, оркестр мүшелері де өз кәсібін жақсы меңгерген жандар. Бір ауыздан түсініп, менің айтқанымды істеп жатты. Әрине, мен олармен қатты сөйлесемін. Көп нәрсені талап еттім. Бірақ, олар мұның барлығына түсіністікпен қарады.

Ал олармен қатты сөйлесуіңізге не себеп болды?

(Күлді) Дирижер ретінде көп дүниені талап етемін ғой. Мұның өз себебі бар. Бәріне де уақыт кінәлі. Уақыт тығыздығына байланысты біз көп жұмыс істейміз. Бір қойылымнан кейін екінші қойылымға көшеміз. Аз уақыт ішінде барлығына сақадай сай болу керекпіз. Мысалы, Италияда бір операға дайындық бір апта жүреді. Бір актіні бір күн ойнаймыз. Кем-кетіктерді түзетіп жатамыз. Ал мында олай емес. Қысқа уақытта барлығын ойнап, дайындық жасадық.

Бұрын соңды қазақ операсын тыңдап па едіңіз?

Операны тыңдаған жоқпын, бірақ, қазақ музыкасын тыңдағанмын. Өте керемет әсер алдым. Гала-концертте қазақ операсына жетекшілік етуді ұсынды. Қуана-қуана қабыл алып, оркестрмен дайындалып, алып шықтық.

Ол қандай опера болды екен?

Білмейді екенмін. Маған атын әлі аударып бермеді. Бірақ, музыкасы тамаша!

Қателеспесем, ол Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» шығармасы ғой деймін...

Иә, иә, дәл өзі. Керемет музыка! Өте ұнады (осы ретте маэстро қолдарын сермеп, әуендете жөнелді).

Қолыңыз қалт еткен кезде екі күн қатарынан өнер ордасы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына ат басын бұрып, мастер-класс өткізіп, жас опера әншілеріне ақыл-кеңестеріңізді айттыңыз. Біздің жас өнерпаздарға қандай баға берер едіңіз?

Біріншіден, маған консерваторияның өзі ұнады. Небір дарындылар білім алып жатыр екен. Көбі жазғы демалысқа шығып, жан-жаққа тарап кетсе де уақыт бөліп, дәріске келді. Жас әншілердің дауыстары таза, партияларды жақсы орындайды. Тек бір кемшілік, олар итальян тілін жетік меңгермегендіктен не айтып жатқандарын ұғына бермейді. Сол кейіпкердің образына енбейді. Арияны шебер шырқап қана қоймай, кейіпкердің образына еніп, жан-дүниесін көрсете білу керек. Тыңдап отырған жан кейіпкердің бар болмысын көру керек. Мен алдымда ән салған әншілерге осыны түсіндірдім. Консерватория ректоры уақыт бөліп, мастер классқа келді. Ол да ізгі ниетін білдіріп жатты. Консерваторияға келіп, тағы мастер-класс беруге шақырды. Бәлкім, осы жылдың қыркүйек айында Қазақстанға тағы келіп қалармын.

Түсінікті. Қазір опералық қойылымдар заманауи бағытта көрсетіліп жүр. Сіздің ойыңызша, бұл дұрыс па, әлде бұрыс па?

Операны кез келген уақытта, кез келген жерде қоюға болады. Кейде режиссерге еркіндік беруге болады. Бірақ, оның ой-қиялы драматургиялық қатеге айналмауы керек. Мысалы, кейбір қойылымдарда балалардың образын жасы келген жандар сомдайды. Ойлап қараңыздаршы, үлкен жандар періштедей баланы қалай көрсетеді?! Бұл үлкен қате.

Жақында біздің қаланың ірі базарларының бірінде опера әншілері ән салды. Сіз өміріңізде халық көп шоғырланған базар, вокзал, метро сияқты жерлерде өнер көрсетіп пе едіңіз?

Иә, мен базардағы шағын қойылымнан хабардармын. Бейнесюжетін бақылап, әрі күліп, әрі қуанып отырдым. Өнерді жоғары бағалайтындар жетерлік. Өз басым шарап жасайтын зауытта болып, ән салғанмын. Кейін зауыт шарабынан ұрттап та алдым (күлді).

Бұл Қазақстанға алғаш келуіңіз. Қандай әсердесіз?

Мынадай заңғар тауларды еш жерден көрген емеспін. Өзім де тау етегінде тұрамын. Бірақ дәл Қазақстандағыдай биік тауларды тек суреттен ғана көргенмін. Қазақстанның табиғатына қатты тәнтімін. Мен таулардың заңғарлығына қарап шабыт аламын. Қазақ халқы өнер десе ішіп отырған асын жерге қоюға даяр халық екен. Мен олардың бұл құрметіне қатты риза болдым. Театрдың өзі қандай ғажап! Оның сәулеті, акустикасы қандай! Маған Қазақстан қатты ұнады. Ұлттық асы да дәмді екен. Әсіресе, маған жергілікті халық ұнады. Қонақжай әрі ақкөңіл жандар екенсіздер. Халықтың жайдарлы мінезі бар, жүзінен күлкі кетпейді.

Ырым-тыйымға сенесіз бе? Ел алдына шықпас бұрын белгілі бір салт-жоралғыларды жасайсыз ба?

Жоқ, мен ырым-тыйымға мән беріп, жөнсіз басымды ауыртатын адам емеспін. Әрдайым жадырап, жайнап жүретін жанмын. Сондықтан да, болмашы дүниеге аса мән бере бермеймін. Өмірдің ыстық-суығын көріп, жамандығынан қашып, жақсылығына ұмтылыңыздар!

Тілегіңіз бен әңгімеңізге рахмет!

Сіздерге де рахмет!

Сұхбаттасқан: Ғазиза Ұзақ

332 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 шілде 2012, 09:54
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...