Димаш қандай қызды ұнататынын айтты (Видео)

Димаш қандай қызды ұнататынын айтты (Видео)
Фото: Bnews.kz

Димаш Құдайберген Қытайдың "Fans Fans Nan You" бағдарламасына берген сұхбатында өзіне ұнайтын қызды сипаттап айтып берді. "Қыздардың бәрі жақсы. Әркімнің өз қалауы болады. Өз басым нәзік, биязы, иманжүзді, салмақты, ер азаматын, ер азаматының ата-анасын өте сыйлайтын, ақжарқын мінезді, кең пейілді, нәзік жүректі қыздарды ұнатамын. Солай болуы керек деп ойлаймын. Өйткені ошақ басын ұстап тұратын бір адам емес, сол себепті ер азаматтың мерейін үстем қылып отыратын да әйел адам екенін білесіздер. "Қандай қызды ұнатасың?" деген бір сұраққа жауап бергенде "Менің анам сияқты қыздарды ұнатамын" дер едім. Менің анамның мінезі қандай, дәл сондай мінезді, дәл сондай жан, дәл сондай перизат табылса, менің көңілімдегі қыз – сол болмақ", – деді әйгілі әнші. Аталған бағдарламаның басқа да қызықты сәтін мына видеодан көре аласыздар. 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берген болатын. Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды деп күтілуде. 

М. Оңғарова