Елбасы Димашқа батасын берді

Елбасы Димашқа батасын берді
Фото: baq.kz

Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы алдында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесті.

"Димаш Құдайберген деген баламызды батамды беру үшін қабылдап, кездестім де, сіздерге сәл кешігіп қалдым. Батамды бере отырып, қазақ  деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып  өлтіріп жіберуі мүмкін, содан байқа дедім. Жақсы бала, елімізді танытты. Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген тектердің, аттардың бірі. Мен оны құттықтап, денсаулығы мен талантын, адами қасиетін сақтау қажеттігін айттым",– деді Ассамблея сесссиясын ашқан ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетсек, кеше "Қазақстан" орталық концерт залында "I am singer" байқауының екінші орын иегері Димаш Құдайбергеннiң құрметiне "Әлем таныған Димаш" атты кездесу концерті өтті.

Дереккөзі: Қазақпарат

Ж. Жұмағұлов