Димаш Гала концерттің алдында қызыл кілеммен жүріп өтті

Димаш Гала концерттің алдында қызыл кілеммен жүріп өтті
Фото: vk.com

Ертең "Singer 2017" байқауының Гала концерті өтеді. Осының алдында әншілер қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды Массагет тілшісі. Аталған шара бүгін Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де өтті. 

Əр жылдардағы жеңімпаздар үлкен сахнадан көрермендерге əсем əндерін жолдайтын болады. Димаш Мұнайдар Баймолданың сөзіне жазылған талантты сазгер Айгүл Бажанованың "Махаббат бер маған, тағдыр..." атты əнін орындайды. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев өзінің инста парақшасында мәлімдеді. Демек ертең Димаштың жаңа әнінің тұсауы кесіледі. 

Гала концертке қатысатын әншілер

Естеріңізге сала кетейік, 31 арнаның түсірілім тобы Қытайдың Чаньша қаласына арнайы барып, Димаш екінші орын алған "I Am a Singer" байқауының сахна сыртындағы құпияларын камераға түсіріп, эксклюзивті кадрлер алып келді. Ертең сағат 21.00-де 31 арнада байқаудың гала-концерті және Димаштың сахна сыртындағы құпиясы! Қарапайым әншіден – атақты Димашқа дейінгі жолды көруге асығыңыздар.

Ж. Жұмағұлов