Димаш түскен эксклюзивті кадрлер

Димаш түскен эксклюзивті кадрлер
Фото: 31 арна

Димаш Құдайбергеннің келісімшарты бойынша бірнеше жыл Қытайда қалатыны және Қазақстанда өнер көрсете алмайтыны рас па? Әлемге танымал жұлдыздардың қайсысы жақында онымен бірге үлкен сахнада ән шырқайды? Соңғы уақытта оның өмірінде қандай өзгерістер болды? Осы жайындағы эксклюзивті кадрлерді ертең, яғни сенбі, 22 сәуір күні сағат 21.00-де 31 арнадан көріңіз!

31 арнаның түсірілім тобы Қытайдың Чаньша қаласына арнайы барып, Димаш екінші орын алған "I Am a Singer" байқауының сахна сыртындағы құпияларын камераға түсіріп, эксклюзивті кадрлер алып келді. 

Түсірілім тобы жұлдыздың қазір қалай және қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын, жанкүйерлері қандай сыйлықтар беретінін, қандай қаламақы алатынын, оны болашақта не күтіп тұрғанын анықтады. 

Сенбі, 22 сәуір сағат 21.00-де 31 арнада байқаудың гала-концерті және Димаштың сахна сыртындағы құпиясы! Қарапайым әншіден – атақты Димашқа дейінгі жол.

Г. Берік