Димаш тыңдармандары салған таңдай қақтырар суреттер

Димаш тыңдармандары салған таңдай қақтырар суреттер
Фото: instagram.com

Аз ғана уақыттың ішінде қалың көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың суреттері ғаламтор бетінде тез таралуда. Әншінің атына ашылған түрлі әлеуметтік желідегі топтар санында есеп жоқ. Бір ғана инстаграм желісінде әншінің атындағы бірнеше парақша бар. Ол топтар әншінің әр басқан қадамын аңдып отырып, бүкіл суреттерін жүктеп салып отырған жайы бар. 

Осыдан тура бір ай бұрынғы Димаш пен қазіргі Димашты салыстыра алмайсыз. Бүгінде оны әлем таниды. Димаштың соңғы шыққан суреттерін назарларыңызға ұсынамыз!

Ал, мына суреттері оның "I am singer" ән байқауының 7-кезеңінде "Дайдидау" әнін орындағаннан кейін пайда болды. Бұны қытайлық жанкүйерлер "Ханзада Димаш" деп атаған екен. Әншінің сахналық киімі жанкүйерлерді бей-жай ақлдырмаса керек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін "I am singer" байқауының 8-кезеңі өтеді. Бұл кезеңде Димаш Хан Хунның "Таң атты" әнін орындап, 5 орын алды.

Ж. Жұмағұлов