Димаш 9-кезеңде 2-орынға ие болды

Димаш 9-кезеңде 2-орынға ие болды
Фото: vk.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Singer – 2017» ән байқауының тоғызыншы кезеңінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Димаш бұл кезеңде екінші болып өнер көрсетіп, әлемдік хит «All by Myself» әнін орындады. Тоғызыншы кезеңнің қортындысы бойынша бірінші орынды  Линь Чжисюань еншілесе, үшінші орын Lion тобына бұйырды.

Айта кетейік, байқаудың финалына тек бір кезең қалды. Ал жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден Димаш, Sandy және Lion тобы жобадағы жолдарын жалғастырып келеді.

Еске сала кетейік, байқаудың сегізінші кезеңінде Димаш тамағының ауырып қалғанына қарамай, қытайша «Таң атты» әнін айтып, бесінші орынды иеленді. Сегізінші кезең Қытай телеарналарынан 11 наурыз күні көрсетіледі. Ал тоғызыншы кезең – 18 наурызда қалың көрерменге жол тартады.

Ж. Жұмағұлов