Димаш 6-кезеңде Лара Фабианның әнін орындайды

Димаш 6-кезеңде Лара Фабианның әнін орындайды
Фото: vk.com

Аз ғана уақыттың ішінде зор танымалдыққа ие болған жас талантты әнші Димаш Құдайбергеновтің миллиардтаған тыңдарманы пайда болды. Оны бүгінде бүкіл әлем таниды десек артық айтқандық емес. Бүкіл қазақ жұртшылығы жарты әлемді аузына қаратқан асыл ұлын күтіп, әр сенбі теледидардың алдына жиналатын дәрежеге жетті. 

"I am singer" ән байқауының 5-кезеңі өтті. Димаш 5-кезеңде Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындап, 5-орын алған еді. Ол бұл жолы әйгілі француз әншісі Лара Фабианның репертуарынан "Адажио" әнін орындауға бел буды. Бұл туралы әнші инстаграм парақшасында мәлім етті:

"Осы аптада менің орындауымдағы Лара Фабианның репертуарынан "Адажио" әнін тамашалай аласыздар! Тұңғиық сезім – ерекше әсер сіздерге көңіл-күйімнің шапағатын сыйлайды деп ойлаймын!.. Сенбі 25 ақпан 20:05 (Астана уақыты); 22:05 (Бейжің уақыты) Hunan TV арнасында IAmSinger бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!"

Димаш ертең мынадай сахналық киіммен өнер көрсетеді

Лара Фабианның орындауын тыңдап көріңіздер!

Енді Витастың орындауына құлақ түрейік!

Димаштың орындауын бір күннен соң білетін боламыз. Айта кетейік, 6-кезең ертең, яғни 25 ақпан күні өтеді. 

Ж. Жұмағұлов