Димаш Құдайбергеновтың қытайлық ең ірі weibo.com сайтына тараған суреттері

Димаш Құдайбергеновтың қытайлық ең ірі weibo.com сайтына тараған суреттері
Фото: weibo.com

Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a singer ән байқауына қатысып, миллиардтар мекенінде үлкен танымалдыққа ие болды. Бүгінде Димашқа қытайлық жанкүйерлер мыңдаған лебіз-хатын жолдап, түрлі сыйлық ұсынуда. Димаш қай қалаға барса, сол қалаға ұшаққа билет алып, бірге ұшып баратын жанкүйерлер әншіні аэропорттан күтіп алып, шығарып салуды әдетке айналдырған. Қазақ әншісі аспан асты елінің тұрғындарын ерекше дауысымен тәнті еткен.  

Қытайдағы ең танымал сайттардың бірі, шамамен 500 миллион қолданушысы бар Weibo.com сайтында Димаш Құдайбергеновтың суреттері көп. Соның ішінде қызықты суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.  

М. Оңғарова