Димаш атақты актер Джеки Чанмен кездесті

Димаш атақты актер Джеки Чанмен кездесті
Фото: instagram.com

Қытайдың "I am а singer" ән байқауында сәтті өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергенов атақты актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасына жария етті. Осыдан аздаған уақыт бұрын Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шаримов хабарлаған еді. 

Димаш өз таңданысын жасырмай, былай деп жазды: 

"Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым! Домбырамен бір күй шертіп беруімді өтінген Джеки Чанға Нұрғисаның "Әлқисасынан" шашу шаштым! Өз кезегінде актер маған соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті. Бала кезімнен бері келе жатқан сүйікті актерім маған өз ақыл кеңестерін беріп, шығармашылығымды бақылайтынын айтты. Сөз соңында, барша Қазақстан xалқын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әдемі лебіз-тілегін білдірді! Келесі кездесуді асыға күтеміз! Армандар орындалады!.."

Артынша әншінің продюсері Алпамыс Шаримов та әйгілі актермен бірге түскен суретін жариялап, бұл тек бастамасы, алда әлі талай эксклюзивті видеороликтер болатынын мәлімдеді. 

Ж. Жұмағұлов