Димаш Құдайбергеновтің 4-кезеңде қандай ән айтатыны белгілі болды

Димаш Құдайбергеновтің 4-кезеңде қандай ән айтатыны белгілі болды
Фото: facebook.com

Қытайдағы "I am а singer" ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновтің 4-кезеңде қандай ән айтатыны белгілі болды. Бұл туралы әншінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі фан-клубы мәлімдеді. Димаш келесі кезеңде гонконгтық мега жұлдыз Jacky Cheung-ның «Күзгі мұң» («Qiu Yi Nong») атты әнін орындайды.

Димаш орындайтын «Күзгі мұң» әнінің қытай тіліндегі нұсқасын тыңдай отырыңыздар:

Еске сала кетсек, отандасымыз осыған дейінгі өткен алғашқы екі кезеңде 1 орын алса, 3-кезеңде алғашқы үштіктен табылды

Ж. Жұмағұлов