Баян Есентаева "КешYOU" экс-солистерінің рейтингін жасады

Баян Есентаева "КешYOU" экс-солистерінің рейтингін жасады
Фото: today.kz

Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында "КешYOU" тобының жаңа "Рухты ару" бейнебаянының тұсауын кесті. Ән толғау стилінде жазылған, сөзі мен әуенінің авторы - Мархаба Сәби.

Бағдарлама барысында қос продюсер топтың экс-әншілерінің дарындылығы жағынан рейтингін жасады. Баян Есентаева бірінші орынға Жанар Дұғалованы, екінші орынға Кәмшат Жолдыбаеваны, ал үшінші орынға Айдана Меденованы қойды. Бағым Мұхитденованың орындар тағайындауы әпкесінікінен аса өзгешеленбеді. Tек үшінші орынды Мөлдір Әуелбековаға тағайындады. 

Қазақша сұхбат берген Баян Есентаева "КешYOU"-дің он жылдық мерейтойлық концертіне қызу дайындық жүріп жатқанын айтты. Концертке Мақпал Жүнісова, "Орда" тобы да қатысады.

Ал сіз үшін топтағы экс-әншілердің рейтингі қандай? Жанар Дұғалова бірінші орынға лайық па? Ал жаңа құрамдағы қыздарға қандай баға берер едіңіз?

Н. Үсенова