Баян Есентаева Үндістанда бес бейнебаян түсірді

Баян Есентаева Үндістанда бес бейнебаян түсірді

Ақпан айының аяғында Баян Есентаева "КешYOU" мен "Лашын" топтарына жаңа бейнебаян түсіру үшін Үндістан елінің Гоа штатына жол жүріп кеткен болатын. Түсірілім жұмыстарының қалай жүріп жатқанынан продюсердің инстаграмдағы жеке парақшасынан көруге болады. Ал қос топтың бейнебаян түсірілімі аяқталған соң, Кәмшат Жолдыбаева мен Ерке Есмаханға бейнебаян түсіру жұмыстары басталды. Сонымен продюсер Баян Есентаева алдағы уақытта бес бейнебаянның тұсауын кесуді жоспарлап отыр. 

 

 

Сiздерге !!! ❤️

Видео опубликовано @kamshat__zholdybayevaМар 1 2015 в 5:20 PST

Кәмшат Жолдыбаеваның инстаграмдағы жеке парақшасына сүйенсек, әнші бейнебаянында үнді қызының рөлін сомдайды. 

Баян Есентаеваның айтуынша, Ерке Есмаханды осы уақытқа дейін мұндай ғажап образда ешкім көрмеген екен. 

"Лашын" тобы аптаның бірінші күнінен-ақ өздерінің киім үлгісімен көзге түсті. 

"КешYOU" тобы болса, Гоада бірден екі бейнебаян түсірді. "Қайтар жүрегімді", "Армандаймын" әндеріне түсірілген бейнебаян үзінділері көптің көңілінен шықты. Ең қызығы "КешYOU" тобының атағы Үнді еліне де жеткендей. Себебі үнді мектеп оқушылары "КешYOU" қыздарынан қолтаңба сұрап жүр. 

Отандық шоу-бизнестің ең беделді продюсерлерінің бірі Баян Есентаева Гоадан елге осындай жағымды жаңалықтармен оралмақ. Жұмыс істеп те, демалып та үлгеріп жатқан шығармашылық топқа біз де тек сәттілік тілейміз! 

Сурет: instagram.com

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаеваның күйеуі кім?

Баян Есентаеваның айтқандары

КешYOU тобына келген жаңа әнші кім?

Баян Есентаева мен Берік Тұрсынбеков үлгілі отбасыларды ...

Н. Нұрмаханұлы