Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Баян Есентаеваның айтқандары

Баян Есентаеваның айтқандары

Баян Есентаеваның айтқандары

Халқын сүйер жүрегімен, тың идеясымен, жаңашыл сипатымен жарқ еткен Баян Есентаева есімі әркімге таныс. Біз бүгін әйгілі продюсер, актриса және жай ғана сәттілік шыңына жеткен әйел Баян Есентаеваның ойларын назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

  • Егер мен жаңалықтарда 7 жыл бойы жұмыс жасамаған болсам, ешқашан жақсы жүргізуші бола алмас едім. Сондықтан барлық тележүргізушілердің жаңалықтар мектебінен өтулеріне кеңес беремін.
  • Менің өмірімде бетіне қарауға ұялатын адамым жоқ...
  • Әр адамның жақсы жағымен қоса, жағымсыз қасиеттері болады. Сол секілді мен де мінсіз емеспін. Бірақ жағымды тұстарым жағымсыз тұстарыма қарағанда көбірек секілді.
  • Мен кез келген адамды жұлдыз етіп шығара аламын.
  • Өнер виолончель сияқты. Вио­лончельді күнде тартпасаң, ұмыта бастайсың.
  • Жұмыс та менің отбасым, өйткені мен жұмысқа ерекше құлшыныспен келемін.
  • Менің бір жақсы қасиетім бар. Өз қолыммен істеген дүниемді тез ұмытамын. Фильм түсірдім. Келесі күні мені басқа жобалар қызықтырады.
  • Бір күні жаңа идеямен оянатыныма сенемін.
  • Жұлдыз болу үшін жұлдыз болып туу керек.
  • Біздегі ең үлкен проблема киноға түскенің үшін қаламақыны аз төлейді. Мен азғантай қаламақыға келіспеймін.

Баян Есентаева қызы Айсәулемен

  • Мен теледидарды қосқан бойда ән айтып жатқан қыздың жұлдыз болатынын не болмайтынын білемін. Бұл ол теледидардан көрінген сәтінде-ақ білініп тұрады.
  • Халық ақымақ емес, ол тек нағыз жұлдыздарды ғана мойындайды.
  • 30 жасқа жуықтаған кезде нағыз Баян Есентаева болдым.
  • Менен адамдар: «Неге жолым болмайды осы?» деп сұрағанда, «Мектептен өтпеген соң» деп жауап беремін.
  • Неге Ресейден актер шақыратынын түсінбеймін. Небір талантты Қазақстандық актерлер бар емес пе?
  • Қазақ үшін нағыз жұлдыз –  өз қазағы.
  • Жұмысбасты адам уақытын дұрыс бөліп қойса, барлық жерге үлгеруіне болады. Жұмысқа да, балалардың тәрбиесіне де, демалысыңа да уақыт табылады.
  • Сұлулық – нағыз еңбек. Мен макияжымды сүртпей ұйқыға жатпаймын.
  • Мен эфирде жүргізушінің сыртқы сұлулығын қалыптастырған алғашқы тележүргізушілердің бірі болдым.
  • Менің күнделікті киімім – джинсы, свитер, кроссовка. Сосын бет-жүзімді боямаймын. Бұл түрімде мені көп ешкім тани бермейді.
  • Опра Уинфри белгілі бір дәрежеде менің кумирім десем болады.
  • Егер адамның шығармашылық не өмір жолында әлдебір қиындық болса, ол ең алдымен өзінің кінәсінен.
  • Менің тамыр-таныстарым өте көп, бірақ олардың көмегіне ешқашан жүгінген емеспін. Бәріне өз күшіммен жетсем деймін. Ешкімнің алдында қарыздар болып қалғым келмейді. 
  • Менің алғашқы еңбекақым – 50 доллар болды.

 

Баян Есентаеваның ойлары БАҚ-қа берген сұхбаттарынан жинақталды

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru

7832 0
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 21 тамыз 2012, 09:41
Пікірлер
+0
20 тамыз 2012, 17:42

Менің өмірімде бетіне қарауға ұялатын адамым жоқ... :!: Молодец, өте әділ сондай адам дейді ғой

+0
20 тамыз 2012, 17:43

Бәріне өз күшіммен жетсем деймін. Ешкімнің алдында қарыздар болып қалғым келмейді. - менің де ұраным осы

+0
20 тамыз 2012, 17:43

"Неге Ресейден актер шақыратынын түсінбеймін. Небір талантты Қазақстандық актерлер бар емес пе?" осыны мен де түсінбеймін

+0
20 тамыз 2012, 18:06

өзі туралы жаза беріпті ғой мақтанып ;)

+0
21 тамыз 2012, 12:56

қалай мақтанса да жарасады оған

+0
20 тамыз 2012, 19:54

Жаңалықтарда істегенін білмеппін. Өте дұрыс айтады! Респект! Бірақ мұндай адамдардың көп қателесетіні де бар.

+0
20 тамыз 2012, 20:37

Мен кез келген адамды жұлдыз етіп шығара аламын дегенді Ғашық жүректе де айтатын еді ;)

+0
21 тамыз 2012, 18:58

Интервьюлерін интернеттен іздеп жүріп тыңдаймын. Көп пікірі көңілімнен шығады.

+0
21 тамыз 2012, 19:07

мені жұлдыз етіп шығара алмайды: 1) лопата болып туылғанмын 2) өзім-ақ болам)

+0
24 тамыз 2012, 12:39

Маган оте унайды Баян, оз идеясы мен оз мнениясынан бас тартпайдын жандардын бири деп билем!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...