Жазда жарыққа шығатын 7 сериал

Жазда жарыққа шығатын 7 сериал
Фото: Коллаж

Жаз — демалыстың уақыты. Ал, демалыс кейбір адамдар үшін сериалдармен тікелей байланысты. Ендеше осы жазда бізді күтіп тұрған жаңа сериалдар мен жаңа маусымдарды атаймыз:

"Үлкен кішкентай өтірік" / "Большая Маленькая Ложь"

"Алтын глобусқа" ие болып, көрермендерін күттіріп қойған шытырман оқиғаға толы сериалдың жаңа маусымы экранға 9 маусымда шығады. Николь Кидман, Риз Уизерспун және Шейлин Вудли алғашқы маусымдағы мәселелермен әлі күресіп келеді. Ал, бұл маусымның ерекшелігі Перридің анасын сомдайтын актриса Мерил Стрип қатарға қосылады. 

Шығатын уақыты: 9 маусым, Sky Atlantic

"Тым оғаш іс" / "Очень странные дела"

Ғылыми фантастиканы жаны сүйетіндер үшін қуанышты жаңалық: "Тым оғаш іс" сериалының үшінші маусымы 4 шілдеде жарыққа шығады. Негізгі актерлік құрамда Милли Бобби Браун, Вайнона Райдер мен Дэвид Харбор бар. Осы жолы құрамы Майя Турман-Хоук секілді жаңа актерлермен толығады. Үшінші маусымдағы оқиға 1985 жазында болатындығы ғана анық.

Шығатын уақыты: 4 маусым, Netflix

"Олар бізді көрген шақта" / "Когда они нас видят"

Режиссер Ава Дювернейдің шынайы оқиға негізінде түсірілген жаңа мини-сериалы 31 мамырда жарыққа шығады. Төрт бөлімнен тұратын драма жасөспірімдердің үстінен жүргізілген сот үрдісі жайында болмақ. Оқиға 1989 жылы жалған жала жабылған бес қара нәсілді жасөспірімдер арасында өрбиді. Бір қызығы оқиға алғашты тергеу жұмыстарынан басталып, 2014 жылғы ақтаушы сот шешімімен аяқталады.  

Шығатын уақыты: 31 мамыр, Netflix

"Игі белгілер" / "Благие знамения"

Терри Пратчетт пен Нил Гейманның фантастикалық романын енді экраннан көруге болады. Мини-сериал өзінің жұлдызды актерлік құрамымен мақтана алады: Дэвид Теннант, Майкл Шин, Джек Уайтхолл, Анн Максвелл Мартин, Джон Хэмм және Дерек Якоби.

Шығатын уақыты: 31 мамыр,  Amazon Prime Video

"Төрт той мен жерлеу рәсімдері" / "Четыре свадьбы и одни похороны"

Романтикалық драманың шыққанына 25 жыл өтті. Енді картина өзінің жұдыздары Хью Грант және Энди Макдауэллмен экранға қайта оралады. Өз уақытында фильм жаңа рекорд орнатып, тарихтағы ең сәтті шыққан британ фильмі ретінде саналатын. Ал, сериалда оқиға ширек ғасырда ер жетіп үлгенген басты кейіпкерлердің балаларының арасында өрбиді.  

Шығатын уақыты: 31 шілде,Hulu

"Қызметнің хикаясы" / "Рассказ служанки"

Маргарет Этвудтің роман желісі бойынша түсірілген сериал өз көрермендеріне үшінші маусыммен қайта оралады. Жаңа маусымда Джун Гилеадқа қайта оралып, наразылық қозғалысын басқарады. Бұл жолы сериалды түсірушілер революцияға дайындалып жатқан кейіпкерлердің ішкі сезіміне баса назар аударған. Сериал Торонто мен Вашингтонда түсірілген.

Шығатын уақыты: 5 маусым, Hulu

Т. Есқали