Ұстаз бен оқушы: мектеп өмірі туралы 6 фильм

Ұстаз бен оқушы: мектеп өмірі туралы 6 фильм
Фото: Коллаж

Ұстаз – жанның бағбаны

Бүгінгі топтамада ұстаздар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы, олардың бала тағдыры мен ойына әсерін бейнелейтін кинокартиналарды ұсынамыз.

Еркіндік жазушылары
Писатели свободы (2006)

Картинки по запросу Писатели свободы gif
Бұл фильмде Лонг-бич мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін ұстаз туралы өте әсерлі оқиғаның куәгері боласыз. Оған мектеп әкімшілігі тапсырған сынып оқушылары үздік тәртіппен көзге түскендердің қатарынан емес, олардың өзара қарым-қатынасы да қиын. Расизм, нәсілге бөліну, тапқа жіктелу үрдісі белең алған. Тіпті, ағылшын тілі олардың ана тілдері де емес. Одан бөлек, Лонг-бич сол уақытта қарақшылықпен айналысатын жасөспірімдер тобымен атақты еді. Дегенмен, фильмнің басты кейіпкері орта жолдан бәрін тастап кетпей, оларға сенімді сүйеніш бола біледі. Фильм оқытушының тынымсыз еңбегі мен оның оқушылар өміріндегі орны туралы болмақ.  

Ақылды Уилл Хантинг
Умница Уилл Хантинг (1997)

Картинки по запросу Умница Уилл Хантинг gif
Бұзақы әрі вундеркинд жасөспірім өзінің қабілетін қалай қолданарын білмейді. Сондықтан, бос уақытында еден жуушы болып қосымша жұмыс істейді. Бірақ, бәрі бір-ақ сәтте өзгереді. Әйелінің қазасынан соң өмірден түңіліп жүрген психолог Шон Мэгуайрмен кездескен оның өмірінде өзгерістер орын ала бастады. Фильмнің негізгі ойы – өмірлік таңдау жасау мен адамның өмірдегі құнын ұғыну.

Өлі ақындар қоғамы
Общество мертвых поэтов (1989)

Похожее изображение
Білім беру жүйесі мен ішкі ережесі тым қатал, атақты ағылшын колледжіне жаңа мұғалім жұмысқа келеді. Ол оқушылардың әдебиетті сүюге шақыра отырып, адами болмысты тануға мүмкіндік береді. Тек ұстаз емес, олардың досы бола білген бір адамның беймәлім оқиғасы сіздің көзіңізге еріксіз жас ұялататыны анық.

Уақытша ұстаз
Учитель на замену (2011)


Тұруға қолайсыз ауданның бір мектебіне жаңа мұғалім өзгенің орнына келеді. Өйткені, тұрақты жұмыстан гөрі уақытша жүргенді дұрыс санайтын ол адамдарға бауыр басып қалудан қорқады. Мінезі ауыр, ережеге бағынбайтын оқушылармен жұмыс істеген қаншалықты қиын?! Фильм мұғалімнің өмірі, сезімі мен ойларын көрерменге жеткізеді.

Мектептегі байланыстар
Школьные узы (1992)

Картинки по запросу Школьные узы gif
Антисемитизм және расизм өршіп тұрған Америка. Еврей отбасынан шыққан жасөспірім елдегі беделді колледж студенті атануға мүмкіндік алады. Дегенмен, оның шыққан тегін білген өзге студенттердің оған деген қарым-қатынасы кенеттен өзгеріп шыға келеді. Фильм адамның өзіне деген адалдығы мен сырттан қысым басым болғанына қарамастан, адам кейіпін сақтап қалуға үндейді.

*Антисемитизм – өзге ұлтты мойындамау, соның ішінде жөйттерге деген қарсылық.
*Расизм – нәсілге жіктеу және оларды қоғамнан ығыстыруға тырысу.

Тарих сабағын ұнататындар
Любители истории (2006)

Картинки по запросу history boys gif
Йоркшир түлектері АҚШ-тың белді жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болды. Дегенмен, оған қол жеткізу үшін олар тарихқа назар аударатын арнайы курстардан өтуі тиіс. Оларға қол ұшын созу үшін арнайы комиссия құрылады. Олардың арасында тәжірибелі ұстаз Гектор, Линтон ханым мен шақыру арқылы келген оқыушы Ирвин бар. Олардың оқыту әдісі де, оқушылармен байланысы да әртүрлі.  

Фильмдерден алған әсеріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Т. Есқали