Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Фархадидің "Бәрі біледі" фильмі қалай түсірілді?

Фархадидің "Бәрі біледі" фильмі қалай түсірілді?

Фархадидің

Иран режиссері Асгар Фархадидің "Бәрі біледі" картинасының сюжеті Буэнос-Айрестен Мадридке саяхаттап келген ерлі-зайыпты мен балаларының алдынан шығатын жағымсыз оқиғалар төңірегінде өрбиді. Басты рөлдерді актерлік харизмасына ешкім күмән келтірмейтін, сондай-ақ өзара үйлесімді тандем саналатын Хавьер Бардем мен Пенелопа Крус сомдайды.

Испаниялық отбасының тағдыры туралы фильм түсіру идеясы Фархадиге осы елде қыдырып жүрген кезінде келген екен. Сценарийді жазғанда назарда ұстаған негізгі мақсаты бұл оқиғаның біркелкі емес, түрлі ұлт өкілдеріне ортақ, яғни, болмысы бір-біріне ұқсамайтын әр көрерменнің эмпатиясына бөлену болған еді. 

"15 жыл бұрын мен Испанияның оңтүстік бөлігіне барған болатынмын. Серуендеп жүргенімде көше бойына ілінген бір баланың суреттеріне назарым ауды. Жергілікті тұрғындардан сұрағанымда, оны жоғалып кеткен баланың отбасы іліп қойғанын айтқан-ды. Осы сюжетті мен 4 жыл жетілдірдім. Сол шақтағы мені баурап алған екі сәтті сақтап қалуға тырыстым, бірі: елдің атмосферасы мен мәдениеті, екіншісі: маған ой салған оқиға", - дейді Асгар. Киносүйер қауым асыға күткен картина қалай түсірілгені туралы Пенелопа Крус та әңгімелеп берді. 

Асгар Фархадимен таныстығы жөнінде

Маған Асгардың фильмдері қатты ұнайды."Надер мен Симиннің ажырасуы" картинасын шедевр деп танимын. Бір күні режиссердің өзі қоңырау шалып, Испания туралы фильм түсіргелі жатқанын, басты рөлді маған беретінін айтты. Бұл мен үшін өте маңызды сәт еді. Себебі, Асгардың шеберлігіне тәнтімін, оны ең үздік режиссерлер қатарына қосамын.

Кейіпкері хақында

Лаура – ерекше болмысты әйел, өтпеген сыны жоқ. Оған өте ауыр шешімдер қабылдауға тура келіп жатады. Әркімнің өзіндік өмір тәжірибесі бар. Біреудікі жеңіл, енді бірінікі адам төзгісіз келеді. Лаураның ешкімге ашпаған құпиясы бар еді, өмірінде орын алған оқиға соны жұртқа жариялауға мәжбүр етеді. Өзі ұмытқысы келген дүниені өзгемен бөлісу керек болады. Бұл кейіпкерді сомдау оңайға түскен жоқ.

Отбасы туралы

Отбасы деген бізді қоршаған әлемнің метафорасы іспетті. Түсірілім басталғаннан бірнеше апта өткенде ирандық досым оқып берген Джалаллидин Румидің өлең жолдары ойыма оралады. Онда отбасының бір мүшесі қиындық кешсе, өзгелері бақытты бола алмайтыны туралы айтылған. Картинаның бар мәні осыған тірелетіндей.

Хавьер Бардем жөнінде

Кейіпкерлердің арнайы бізге шақтап жазылғанын әу бастан білдім. Сценарийді Асгар екеуміз 4 жыл бойы талқыладық. Ол Испания туралы көп сұрайтын. Фильмнің "бөтен" емес,  нағыз испаниялық түсіргендей сенімді шыққанын қалады .

Хавьер екеуміз оған "өз" Испаниямызды көрсеттік. Мадрид пен оның айналасындағы ауылдарға алып бардық.  Локацияны сол сапарлардың бірінде тапқан болатынбыз. Серігім Хавьермен бірге түсу қиындық тудырмады. Себебі, актерлік мансабымызды бірге бастадық.  

Естеріңізге сала кетейік, иран режиссері Асгар Фархадидің "Бәрі біледі" аталатын психологиялық триллері 71-ші Канн кинофестивалін ашқан болатын. Фархадидің туындысы – ең беделді фестивальді ашу құрметіне ие болған испан тіліндегі екінші картина. Алғаш рет мұндай мәртебе 2004 жылы Педро Альмодовардың "Жаман тәрбие (үлгі)" фильміне бұйырған болатын.

Осыған дейін Асгар Фархадидің 2 фильмі Канн кинофестиваліне қатысқан болатын. Конкурстық бағдарламадағы фильмдер тізіміне "Коммивояжер" (2016) мен "Өткен шақ" (2013) енді. Екеуі де марапатқа қол жеткізді, кейін "Коммивояжер" шетел тіліндегі үздік фильм ретінде "Оскарды" да қанжығасына байлады.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 12 ақпан, 17:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.