"Көліктер 2" мультфильмі

"Көліктер 2" мультфильмі
Фото: massaget.kz

Мұхиттың арғы бетінде орналасқан студиялардың туындылары қазақ тіліне аударылып, еліміздегі көрерменге ана тілінде жол тартып жүргеніне көп бола қойған жоқ. Десе де ондай туындылардың саны жылдан жылға артып келеді және олардың көрермені де аз емес. Әрине, жарнаманың аздығы, кинотеатрлардың сеанстарды ыңғайсыз уақытқа қоюы деген секілді кедергілер кездесіп жатады, бірақ жасалып жатқан жұмысқа қарап, оларды да жеңетін күн келетініне сенесің. Назарларыңызға "Walt Disney Pictures" және "Pixar" студияларының бірлесе шығарған, бүгінде көптеген бүлдіршіннің сүйіп көретін мультфильміне айналған "Көліктер 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліне тәржімаланған нұсқасын ұсынамыз. Мақалдатып сөйлеген Найзағай МакКуин мен Метрді сынды кейіпкерлерді көріп, бір марқайып қалыңыздар.

Y. Almabek