Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскардың" қысқа тізіміне енбеді

Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскардың" қысқа тізіміне енбеді
Фото: tengrinews

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі америкалық "Оскар" киножүлдесінің "Шет тілдегі ең үздік фильм" категориясы бойынша негізгі үміткерлердің қысқа тізіміне енбей қалды.

Үміткерлердің қысқа тізімі киножүлденің ресми сайтында жарияланды. Тізімге Бельгия, Колумбия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Ирландия және Иордания елдері режиссерлерінің фильмдері кірді.

"Жат" фильмі өмірде болған оқиғаларға негізделген. Онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттары баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады. Айта кетейік, "Жат" фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған.

2013 жылы Тұрсыновтың "Шал" картинасы да "Оскар" жүлдесіне ұсынылған болатын. Дегенмен ол да киноакадемияның қысқа тізіміне енбей қалды.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін