Хелен Миррен "Форсаж" фильміне түсуді армандайды

Хелен Миррен "Форсаж" фильміне түсуді армандайды

Британдық актриса Хелен Миррен "Форсаж" франшизасының келесі фильміне түсуді армандайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Yahoo сайтына сілтеме жасап.

"Форсаждың" бөлігіне айналғым келеді. Қатты. Өзімнің фильмдерімде үнемі көлік айдаймын, сондай-ақ "Top Gear" бағдарламасына да қатысқам. Бұл арманым жайлы бірнеше рет айтқан болатынмын, бірақ олар мені шақырмайды. "Форсаж 8"-де болуым керек. Вин Дизельдің керемет екенін айтқым келеді. Винді жақсы көремін. Ол жақсы жігіт әрі өте ақылды. Жақсы көрем оны. Шынымды айтсам, бұл жобаға Вин үшін қатысқым келеді. Және әрине, көлік жүргізуді жақсы көргендіктен де", - деп актриса Yahoo-ға берген сұхбатында айтқан еді.

Хелен Миррен "РЭД", "Ұлт қазынасы: құпиялар кітабы" боевиктерінде ойнаған.

Universal киностудиясы "Форсаж" франшизасының жалғасын жоспарлап отыр. 2014 жылдың соңында компания басшысы Донна Лэнгли 7-бөлім шыққаннан кейін кем дегенде 3 серия түсірілетінін айтты.

Басшылықтың мұндай сенімді жоспарының себебі бар: көрермендер қызығушылығы серия сайын артуда. Мұның дәлелі – трейлердің көрілім саны мен фильмдердің кассалық қаржы жиналымы.

"Форсаж 7" фильмінің премьерасы елімізде 9 сәуірде болатынын естеріңізге сала кетейік.

Сурет: huffingtonpost.com

Ұқсас жазбалар:

Вин Дизель қызының атын Пол Уокердің құрметіне қойды

"Форсаж 7" фильмінің премьерасы кейінге қалдырылды

"Форсаж 7" фильмінің толықтырылған трейлері шықты

Форсаж 7 фильмінің алғашқы постері шықты

Ф. Абилова