«Жұлдыздар шайқасы» фильмі қазақ тілінде дыбысталады

«Жұлдыздар шайқасы» фильмі қазақ тілінде дыбысталады

Әлемге танымал болған «Жұлдыздар шайқасы» сагасының сиквелі қазақ тілінде дыбысталады.

«Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі» фильмі әлі күнге дейін түсірілуде. Қазақ тіліне дыбысталуы «Болашақ» Ассоциациясының қолдауымен іске асады.

Фильм желтоқсан айында прокатқа шығады деп жоспарланып отыр. Осы күнге дейін 11 фильм қазақ тіліне аударылып, дыбысталған: «Көліктер-2», «Қара киімділер 3», «Батыл журек», «Жаңа Өрмекші-адам», «Монстрлар Университетi», «Жалғыз рейнджер» ,«Малефисента», «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат», «Галактика сақшылары».

«Жұлдыздар шайқасы» сагасының жетінші эпизодына америкалық режиссер Джей Джей Абрамс жетекшілік етуде.

Әлем бойынша жақсы рейтинг жинайтын кинокартиналардың қазақ тіліне аударылып, дыбысталуы – жақсы бастама. «Галактика сақшылары» фильмінің қазақша нұсқасы көптеген адамның көңілінен шыққан еді. Ал бұл фильм қалай болмақ?

«Жұлдыздар шайқасының» кейіпкерлерін дыбыстаушыларды таңдау үшін арнайы іріктеу ұйымдастырылады. Дыбыстаушылардың айтуынша, фильмнің кейіпкерін дыбыстайтын актер өзінің кейіпкеріне ұқсауы керек.

«Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі» фильмінің қазақ тіліндегі тизерін тамашалаңыздар:

Тизер шөл даладағы әрекетті бейнелейді.

«Жұлдыздар шайқасы» 2015 жылдың желтоқсан айында шығады.

Сурет: starwars.com

Видео: youtube.com

Оқи отырыңыз:

"Галактика сақшылары" қазақ тілінде 

"Қара киімділер 3" қазақ тілінде

Ф. Абилова