Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Қара киімділер III» фильмі қазақ тілінде сөйлейді

«Қара киімділер III» фильмі қазақ тілінде сөйлейді

«Қара киімділер III» фильмі қазақ тілінде сөйлейді

2012 жылы жарыққа шығатын фильмдердің бірі - «Қара киімділер III». Бұл фильм жер бетіндегі өзге ғаламшар тұрғындарының қызметін бақылап, реттейтін құпия ұйымның қызметкерлері жайлы шытырман оқиғаның жалғасы. Он жыл бұрын жарыққа шыққан екінші фильм үздіктердің қатарынан көрініп, басты кейіпкерлерді сомдаған Уилл Смит пен Томми Ли Джонс көрермендердің көзайымына айналды.

Комедия жанрында түсірілген фильмнің жалғасы мамыр айында жарыққа шығады. Sony Pictures компаниясының «Men in Black ІІІ» фильмінің үшінші бөлімі көгілдір экрандардан қазақ тілінде де көрсетіледі. 2012 жылдың 2 сәуірінен бастап, «Болашақ» Қауымдастығы, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, MARWIN компаниясы атақты фильмді Cinema Tone Production студиясында қазақ тіліне дубляждау жұмыстарына кірісті. «Қара киімділер III» фильмі қазақ және орыс тілдерінде көрсетілетін болады.

АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстан елдерінің мамандарының қатысуымен жасалған халықаралық жоба Қазақстанда шетел фильмдерінің дубляждануының дамуына үлес қосатыны сөзсіз.   

«Қара киімділер III» - кинотеатрларда көрсетілгеннен кейін, Blu-Ray және DVD дисктерінде таратылатын қазақ тіліне дубляжданған Sony Pictures студиясының алғашқы фильмі. Кейіпкерлердің айтар ойы дәл әрі түсінікті жеткізілуі үшін фильм ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған. Диалогтарды бейімдеу жұмысына Linguaserve компаниясының мамандары атсалысты.

Бас кейіпкерлерді қазақ тілінде сөйлету үшін наурыз айында дауыс сынақтары өткізілді. Іріктеу кезеңіне келген талапкерлерді Sony Pictures компаниясының Қазақстанға арнайы келген қызметкерлері тексерген болатын. Жылдам сөйлейтін Уилл Смитті дыбыстайтын әртісті табу қиынға соққанымен, төрешілер Азамат Қанапияевті лайықты деп тапты. Қазақ тіліндегі дубляж жұмыстарының режиссері - Әйгерім Оңалбек. Дубляж жұмыстары аяқталған бойда, дыбысты әлемдік стандарттарға сай монтаждау үшін дайын материал Лондон қаласындағы Shepperton студиясына жіберіледі.

«Қара киімділер III» фильмінің жалғасында да құпия қызметкерлер өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайтын болады. Агент Джей басқа әлемнің соққысына төтеп бере алатын ешқандай галактикалық қорғаныс қалқанының жоқ екендігін біледі. 1969 жылы қаза тапқан Агент Кей көзі тірісінде оны жасап үлгермеді. Сол себептен Агент Джей Жер мен өзінің серіктесін құтқару үшін уақыт кеңістігіне саяхат жасауға бел буады. Шытырман оқиғаға бай фильм достық, батылдық, адалдық секілді мәңгілік құндылықтарды насихаттайды.

Суреттер: 4ladi.ru, chitay.net 

2044 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 23 сәуір 2012, 11:10
Пікірлер
+0
23 сәуір 2012, 11:44

Уилл Смит сүйікті актерлерімнің бірі ;) Өте қуаныштымын :)

+0
23 сәуір 2012, 12:15

мадец ҚАЗАҚТАР!!!!!!!!!!!!!

+0
23 сәуір 2012, 14:17

воу!

+0
23 сәуір 2012, 15:28

о, аударма супер сияқты :D :D

+0
23 сәуір 2012, 15:29

Уилл көкеміз қазақша сөйлеп, нағыз қазақтың қара баласы болатын болды)))

+0
23 сәуір 2012, 15:45

Аударманың супер болған жерін көрмедім. Трейлерді әдемі етіп тұрған Уил Смиттің ойыны ғана:)

+0
23 сәуір 2012, 15:56

:shock: :shock: аударманы қорқа-қорқа ашқан едім, көңілімнен шықты, тіпті супер дедім ) жақсы нәрсені жақсы деп айтуға болады ғой :) :)

+0
23 сәуір 2012, 16:12

Фильм көрген соң мүмкін бағалау өзгерер, әзірше әсерім ешқандай. Қай жері жақсы екенін айтып жіберсең.

+0
23 сәуір 2012, 16:15

Нәрмәлнәі, Осындай дубляждың болғанына шүкір деу керек, жайлап жайлап киноның бәрі қазақ тіліне аударылатын болар, қуану керек

+0
23 сәуір 2012, 16:20

трейллердің аудармасы жақсы ) дыбысталуы, аудармасы бәрі-бәрі керемет, "теңізді тамшысынан" демей ме, тұтас кино да сапалы аудармамен деп үміттенемін :)

+0
23 сәуір 2012, 16:31

Оны жаздың ғой, қайта жаза бергенің не?)))) Қай жері жақсы екенін сол күйі айтпадың.

+0
23 сәуір 2012, 16:34

:lol: :lol: :lol: Біз кімбіз? Оны ешкім білмейді...деп басталатын жері жақсы :lol: :lol:

+0
23 сәуір 2012, 16:48

Негізі былай болуы керек еді:
"Кімбіз біз? (Жоғары интонация және инверсиямен айтылуы керек!) Біз... ешкім де емеспіз!"

+0
23 сәуір 2012, 16:49

:lol: :lol: қойыңызшы? Тырнақ астынан кір іздеу дей ме бұны?

+1
23 сәуір 2012, 17:26

Ауызекі тілде сөйлеген жерде, ауызекі тілде аударса керемет болар еді. Мысалы мына жерін:
"Сrazy right? Two grown man talkin to the wall, and the wall talking back to them, what a mess?! Hey, don;t even worry about it! (Flash!!)

"Қызық иә, ересек адам қабырғамен сөйлеседі, ал ол жауап береді...Былық! Бірақ біз оны ұмытайық (Шахх!) - деген жері тіпті жасанды естілед. Қалалық шалақазақы интонация. Қазақ театрының майталмандары дыбыстағанда жынды болатын ед. Мен былай аударса, риза болар едім.

"
"Қуады ә?... Екі ересек жігіт қабырғаға сөйлесе, қабырға оған жауап қайырып тұр...онысы несі ей? Жә! Басыңды оған қатырып әуре болма (Шахх!)..."

+0
23 сәуір 2012, 17:35

Шетел әдебиетін аударумен айналыспастан бұрын, мен де сіз секілді ойлаушы ем... Шалақазақтар өңшең...деп. Менталитет басқа болғаннан кейін, аударма да соған сай болады екен бәрібір. Ал ауызекі тілде "қуады" деп аудару туралы айтқан ойыңызға келіспес едім. Ауызекі тіл меніңше тек күнделікті қолданыста болуы керек, өнерде емес...

+1
23 сәуір 2012, 17:47

Мейіргүл Оңғарова ұшқын бүй депті:
"Ауызекі тіл меніңше тек күнделікті қолданыста болуы керек, өнерде емес... "

Мейіргүл, кино - бірінші кезекті интертайнмент, яғни көңіл көтеру. Екінші кезекте ғана өнер. Егер фильм развлекательный қырымен көрерменін тарта алмаса, онда өнерлік қасиетінен айырылады. Сондықтан Жасыл ит, яғни Green Dog-тың айтқанымен толық қосыламын: Кино әдеби тілді қолдануға ұмтылмай керек.

+0
23 сәуір 2012, 17:42

"Қуады ә?... " - өлтірдің :lol: :lol: :lol:

+0
23 сәуір 2012, 17:44

Міне, дәл сен сияқты риза болушы едім, осындай жанға жақын тірі сөздерді естігенде :lol: :lol: :lol:

+0
23 сәуір 2012, 17:48

қой, керек емес! факюлерді сосын қалай аударғың келіп тұр? шешеден бастап көше сөздерін қолданғың келіп тұр ма?

+0
23 сәуір 2012, 17:49

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
24 сәуір 2012, 11:27

Ауызекі тілге тек боқтық ғана кірмейд. :lol:
Орыстардың сөздік қорында голливудтың арқасында боғауызды жұмсартатын көптеген евфемизмдер пайда болды.
"Срань Господня", "кусок дерьма", "долбаный", "Твайууу ма-а-ать", "Апу-пе-е-еть", "поцелуй меня в задницу", "имел я тебя", "гребаные говнососы" т.б :lol: :lol:

+0
28 сәуір 2012, 02:12

базар жоқ!

+1
23 сәуір 2012, 16:31

Аудармашыларға айтыңдаршы, бір мелодрама аударсын. :D

+0
23 сәуір 2012, 17:53

Корей мелодрамаларын субтитрмен көріп жалықтыңыз ба :)

+0
23 сәуір 2012, 17:54

Жоқ, енді рахаттанып отырып, шетел мелодрамасын қазақша көрген қалай болады екен деймін де... :)

+0
23 сәуір 2012, 18:22

Дегенмен корейлерліктерге акцент түсіріп отырғандай көрінеді маған сіз айтқан соң :)

+0
23 сәуір 2012, 17:00

Тақырыпты оқып, ойбууу хиджаб туралы кино ма девотсам.... Көру керек екен )))

+0
23 сәуір 2012, 17:22

:mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
23 сәуір 2012, 17:29

10 - ақ күнде аударылыпты, ал қаржы қанша жұмсалған екен? :) Орыс БАҚ-тары бақылдамас үшін, қаржысын ақтамады деп "Көліктер-2-ні" жерден алып, жерге салды емес пе... Қазақша дубляждың соншалықты қиын емес екенін көрсетпесе екен.

+0
23 сәуір 2012, 17:41

Мейіргүл, қуасың сен. Өнер кім үшін? Халық үшін. халық қай тілде сөйлейд? Барлық жастарға арналған американ фильмдері, мелодрамалар, боевиктер, кешегі Трансформеры, бәрі-бәрі ауызекі тілді қолданады, ағылшын тілінде де, орысша аудармасында да. Не айтып тұрғаныңды түсінесің бе өзің :lol: . Көліктер-2 -де де қазақша аудармасында ауызекі тілдің біраз нышандары болды. Сәйкесінше ұнады. Фильмде де аудармашының сәтті баламаларына риза болатын эпизодтар болады деп сенгім келеді.

+0
23 сәуір 2012, 17:47

Қуғанда не ғой ) Әркім өз пікіріне құқылы шығар ))) Банадан бері сөйдеп сайрамайсыз ба? "Фильмде де аудармашының сәтті баламаларына риза болатын эпизодтар болады деп сенгім келеді" деген пікіріңізді оқығаным үшін өте қуаныштымын :) :) :)

+0
23 сәуір 2012, 17:54

Әне, бәрімізі жабылсақ әп-әжептеуір аударып тастайды екенбіз ғой) Бір болайық ағайын! :)

+0
23 сәуір 2012, 18:04

Патик пен Гастаның аударған фильмдерін көргім келеді... :roll: :roll: :roll:

+0
23 сәуір 2012, 18:04

Ауылдың қап-қара жігіті ретінде айтатын болсам, маған Уил Смит ұнайды :D

+0
23 сәуір 2012, 18:06

"не ғо..., ана екеуі түйедей болып жармен сөйлескені несссс... мәәә, еще жар оларға жауап береД... Картооооп!!! Қой, оған бола басымызды аурытпайық" (Шахх!) - осылай болуы керек еді ))))

+0
23 сәуір 2012, 18:10

о боже (с)

+0
23 сәуір 2012, 18:10

Күшті... көру керек...

+0
23 сәуір 2012, 18:18

Уилл Смит - мұсылман болды, қазақша сөйледі, енді қалғаны Астанаға көшуі))))) киноны міндетті түрде, бұйыртса, кинотеатрға барып қазақша көремін :!:

+0
28 сәуір 2012, 02:03

Мұсылман болды дегені шындыққа жанаспайды-ау, негізі мұсылманшылыққа қарсылығым жоқ деген секілді.

+0
24 сәуір 2012, 00:41

:lol: :lol: :lol: Сәни өртейсің!
Патик Қися үшеумізі Гоблин сияқты альтернатв дыбыстау жасап баяғы шедеврлерді қазақша аударсақ қайтеді?
Қазақы аудиторияны жаргонмен жандырамыз ба???

+0
24 сәуір 2012, 09:06

Сәни мен бе :?: :roll:

+0
24 сәуір 2012, 11:29

Дәруішөлгендік лексика осындайда америкөттердің факюлерін жұмсартуға көмек болар еді. "Сопақбас!", "Жепсіңдер", "кетнақ", т.б :lol:

+0
24 сәуір 2012, 12:05

"Сопақбас!", "Жепсіңдер", "кетнақ" :lol: :lol:
бізде бір венгр жігіт бар. Бірде маған келіп, қазақша жаман сөз үйренгенін айтты. "Катокбас, катокбас" деп қоймайды. Өлдік күлкіден ))))))) Жәй пыросто есіме түсіп кетті )))

+0
24 сәуір 2012, 14:49

Уақыты келгенде көрерміз. Қашпаған сиырдың бұзауының басынан сипамай қоя тұрайық)))

+0
26 сәуір 2012, 18:33

трейлерді қайта көріп, көргім кеп кетті мынаны

+0
28 сәуір 2012, 01:57

Уилл Смит ойнаған фильмдердегі образдары ұнайды. Үлгі тұтар адамдарымның бірі

+0
18 мамыр 2012, 17:44

Аударма көңілден шықпады! Синхрондық жоқ! Жасандылық көрініп тұр! Кім біледі, киносында жақсы болатын шығар деген 5 пайыздық үміттемін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...