Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / “Бәйтерек” фильмі және бала арман

“Бәйтерек” фильмі және бала арман

“Бәйтерек” фильмі және бала арман

«Менің атым Қожа», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Сүйрік» сияқты қазақ кинематографиясында ойып орын алған фильмдердің қатарына «Бәйтерек» фильмі қосылды. Әлбетте, балаларға арналған фильм түсіру оңай шаруа емес. Алайда бұл режиссер Данияр Саламаттың  қолынан келген сияқты.

Сюжет бойынша, Санжардың әке-шешесі қалада, одан алыста тұрады. Ол ата-әжесінің қолында, ауылда тәрбиеленіп жатады. Бала арманы – әке-шешесі бір уақыт қаладағы күйбең тірліктен ажырап, оған тезірек оралса екен дейді. Сол арманды «Бәйтерекке» қолын қойып, тілесе, орындалады дегенге сенеді. Санжардың осы арманын, сезімтал жан-дүниесін түсініп, қамқор болып жүрген Дана апайы болады. Санжар да өз кезегінде мейірімді апайына махаббат сезімі оянады. Апайына сөз салып жүрген жігітінен қызғанып, алғашқы кішігірім махаббат машақатын да бастан кешіреді. Баланың нәзік жанын жаралап алмауды ойлап, апайы оқу жылы біткенде Санжарды сыныптастарымен бірге Астанаға саяхатқа апарады. Санжардың бала арманының орындалуына ықпал етеді.

Фильмде сонымен қатар, ақ сақалды, ақ киім киінген Қыдыр-ата балаларды жанашырлыққа, мейірімділікке шақырып, желеп-жебеп жүреді.

Балаларға арналған көңілді саундтректердің сүйемелдеуімен Астананың көрікті жерлері көрсетіледі. Басты рөлдегі Санжарды алматылық Орынбек Сатанбаев ойнаған, ал оның дос қызы рөлін сол кездері бесінші сынып оқушысы Ұлпан Тұрмагамбет сомдайды. Сонымен қатар, картинада Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Сағызбай Қарабалин және тағы басқа майталман актерлер бой көрсетеді.


Тақырыптың басты ұйытқысы «Бәйтерек» болғанымен, фильм балалық шақтың қызықтары, алғашқы махаббат, достар арасындағы әзілдермен көркемделген және бастысы - отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Суреттер: kinopark.kz

4033 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 28 сәуір 2012, 10:00
Пікірлер
+0
28 сәуір 2012, 11:01

фильм маған ұнады, басты рөлдегі кішкентай бала рөлін сондай шынайы сомдайды :)

+0
28 сәуір 2012, 14:37

Интернеттен бе?

+0
28 сәуір 2012, 11:20

жаңа ғана осы киноны корип қалып едім :)

+0
28 сәуір 2012, 13:21

керемет осындай отандык кинолар кобейе берсін!

+0
28 сәуір 2012, 14:24

Көрмеген кином екен.

+0
11 мамыр 2012, 14:56

мен осыны көп кордім

+0
24 наурыз 2013, 10:45

Керемет,маған мазмұны қатты ұнады бұл фильмнің! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...