22 наурыз. Мерекелік фильмдер - Менің атым Қожа

22 наурыз. Мерекелік фильмдер - Менің атым Қожа

Қадірлі Массагеттік оқырмандар! 22 наурыз қарсаңындағы мерекелік фильмдер сериясын жалғастырамыз. 

Абдулла Қарсақбаев атамыздың жасап шыққан бұл туындысын көрмеген адам жоқ шығар, сірә. Дегенмен бұл фильмнің қасиеті сол - қанша мәрте көрсеңіз де, жалықпайсыз. Әр көрген сайын жаңа нәрсе байқап, тентек Қожаның тәтті қылықтарына тәнті боласыз.

Фильмнің желісіне ерекше тоқталып жату артық болар деп ойлаймыз. Айта кетеріміз фильмде мектеп жасындағы бала Қожаның өмірі бейнеленген. Жас балада қандай өмір болуы мүмкін? Әрине, еркеліктер мен бұзықтыққа толы шытырман оқиғалар! Сол бұзықтықтың өзі тазалықтың иісін сездіріп тұрғандай. Қанша тентектік жасаса да, өзгенің қамын ойлап тұратын ақкөңіл баланың бейнесін көресіз. Жанарға ғашықтығын көріп, өздеріңіздің бала махаббатарыңызды есіңізге түсіресіз. Қысқасы, 22 наурызда балалық шаққа саяхат жасап, тәтті сағыныш сезіміне бойлауға сылтау табылып тұр осы мерекелік демалыста.

Фильм 1963 жылы жоғарыда аты аталған Абдулла Қарсақбаевтың режисерлігімен түсіріліп шыққан. Тура 1 жыл өткен соң, 1964 жылдың 19 мамырында Мәскеуде премьерасы болып, КСРО халқын тәнті етті. 

Картина иісі қазаққа танымал Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым - Қожа" повесінің желісінде түсірілген. Қожаның рөлін Нұрлан Сегізбаев ағамыз сомдап шыққан.

Нурлан Сегизбаев

Нұрлан Сегізбаев

М. Кокенов

М.Көкенов

Гульнар Курабаева

Гүлнар Құрабаева

Е. Курмашев

Е.Құрмашев

Бикен Римова

Бекен Римова

Кененбай Кожабеков

Кененбай Қожабеков

Раиса Мухамедьярова

Раиса Мұхамедярова

Заги Курманбаева

Заги Құрманбаева

Макиль Куланбаев

Макиль Құрманбаев

Байдалда Калтаев

Байбалда Қалтаев

А. Толубаев

А. Толеубаев

 

22 наурызда ғажап фильмнен ләззат алыңыз!

Фильмді толығымен мына жерден көруге болады: МЕНІҢ АТЫМ - ҚОЖА

сурет: http://www.newskaz.ru