Уилл Смиттің өмір жолы

Уилл Смиттің өмір жолы

Массагеттің оқырмандарына әлемге танымал актер Уилл Смит туралы баяндап бермекпіз.

Уиллар Смит АҚШ-тағы Филодельфияда 1968 жылдың 25 қыркүйегінде дүниеге келді. Әкесі рефрижераторлық компанияның басшысы болса, анасы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Уилл болса, жастайынан кез келген мәселелерді бір-екі ауыз сөзбен шешіп, өз ортасында "ханзада" деген атқа ие болды. Онымен қоса, музыкалық дарыны да оны біраз жерге дейін апарды. Досы Джеффпен бірге рэп оқып, бірнеше альбом шығарды. "I`m the Rapper" және "He`s the DJ" еңбектері Грэмми сыйлығына ие болды.

Дегенмен, жас Уилл бұл сыйлықтардан түскен пайданы 18-ге толмай жатып, жоқ қылды. Қарызға белшесінен батып жүргенде, оған «Fresh Prince of Bel Air» атты сериалда өз-өзін сомдау ұсынысы түседі. Бұл 1990 жылдардың шамасы еді. Осы уақытта оның актерлық таланты да белгілі болды. 

Осыдан соң, Смит толық метражды фильмдерге түсуге талпыныс жасайды. Осылайша, 1993 жылы жарыққа шыққан "Жалғыздықтың 6 сатысы" атты фильмге түседі. Киносыншылар актердің шеберлігін жоғары бағалаған соң, оның шабыты ашылып, өнер жолына шындап кіріседі. 2 жылдан соң, «Бұзық жігіттер» (Плохие парни) картинасы көпшілікке тарайды. 1996 жылы «Тәуелсіздік күні» фильмінде басты рөлді сомдап шығады. 1 жылға жетер-жетпес уақыттан соң, «Қара киімділер» (Люди в черном) кинокомедиясында басты рөлдердің бірін сомдап шығады. 

Осы уақытта актердің жеке өмірінде де біршама өзгерістер болып жатқан еді. 1995 жылы Смит бірінші әйелі Шери Зампиномен ажырасып, жалғыз ұлы Трейді анасының қолына қалдырады. Екі жылдан соң, өзінің байырғы досы  Джаде Пинкетке үйленіп, бір шаңырақтың астына бірігеді. 

4

Уилл Смит. "Хэнкок" фильмі

Актер төбе көрсеткен фильмдердің барлығы сәтті болатындай әсер қалдыратын еді. Дегенмен, 1999 жылы жарыққа шыққан "Жабайы Батыс" (Дикий дикий Запад) фильмі жұртшылықтың көңілін қалдырып, күтілген резонансты бере алмады. Тіпті бұл картина "Жылдың ең нашар фильмі" номинациясын алды. Бірақ актер атышулы бірнеше фильмге түскеннен соң, бұрынғы абыройын тез қалпына келтірді. "Көңілін табу: Хитч әдісі"(2005), "Аңыз адам"(2007), "Хэнкок"(2008) картиналары ерекше сәтті болды.

Естеріңізге сала кетейік, көпшіліктің көзайымына айналған Уилл Смит басты рөлдердің бірін сомдайтын "Қара киімділер 3" фильмі мамыр айында жарыққа шықпақ.

сурет: desktop.kazansoft.ru, wdsspr.ru