Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Жаужүрек мың бала" - асыға күткен тарихи фильм

"Жаужүрек мың бала" - асыға күткен тарихи фильм

«Жаужүрек мың бала» - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының биыл жарыққа шығатын ең ірі жобасы.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қарсы шығып, ересек сарбаздармен бірге кең байтақ жері мен елін қорғауға өрелі мінезді өжет жастар бел буады. XVIII ғасырдың басында орын алған «Ақтабан Шұбырынды» ұлы қайғысы мен қазақ халқының жоңғар халқымен болған соғысы көрініс табады. Тарих парақтарынан сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыр тұлғаларының болмысы бейнеленеді. Фильм соңында қазақ пен жоңғар тартысының аяқталуына ықпал еткен Аңырақай шайқасы көрсетіледі.

«Жаужүрек мың бала» фильмі жайлы ақпарат түсірілім жұмыстары басталмай жатып-ақ кеңінен таралып кеткен еді. Қазақстан бойынша өткізілген актерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырған байқауға 23 мыңнан астам үміткер қатысты. Түсірілім алаңына 500-ге жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен шетелдік BBC World News, Reuters, Time, Screen International, The Los Angeles Times, The Independent, Sight&Sound, London Evening Standard, Hollywood Reporter, Variety сияқты әлемге әйгілі телеарналар мен радио тілшілері келді.

Қазақ тарихын бейнелейтін фильм 90 күнде түсірілді. Әуелі фильмнің түсірілімі Қапшағай аумағында өткен жылдың ақпан айында басталды. Көктемде Шарын шатқалында, кейін Қапал-Арасан өлкесінде түсірілді. Жаз мезгілінде түсірілім жұмыстары Қапшағай аумағында, Таңбалы Тас шатқалында жалғасты. Соңғы түсірілім жұмыстары Үлкен Алматы көлінде жүргізілді.

Басты кейіпкерлер мен жанама актерлердің костюмдері арнайы тапсырыспен көне бағыттағы үлгімен тігілген. Жоңғар мен қазақ сарбаздары үшін оқа-әшекейлер, қару-жарақтар, сауыт-саймандары мен ат-әбзелдерін отандық шеберлермен қатар, Британия, Қытай, Үндістан, Беларусь компаниялары арнайы жасаған. Тарихи картина шынайы шығу үшін барлық реквизитер көне үлгіде жасалған. Фильм түсіру жұмыстары басталмай жатып, барлық актерлер атқа жайдақ міну, қару-жарақтарды ұстау, садақ ату т.с.с өнерлерден дәріс алған.

«Ағайынды», «Ликвидатор», «Адасқан», «Рэкетир» фильмдерін жарыққа шығарған режиссер Ақан Сатаевтың бұл жобасы қазақ киносының дамуына сүбелі үлес қосатыны сөзсіз. Фильм бұрын-соңды тарихи жобаларды түсіріп көрмеген режиссердің тарихи тақырыптағы алғашқы қадамы. Әскери-патриоттық толықметражды экшн жанрының элементтері бар көркем фильм бюджеті 12 млн АҚШ долларын құрайды.

Қиын-қыстау кездерде өз рухы мен болмысын жоғалтпай, ел амандығы мен жер тыныштығы үшін өз өмірлерін пида қылған ұлы тұлғалар мен жастарының ерлігін ұлы махаббат сезімімен ұштастырған тарихи фильмге отандық кино және театр актерлері түскен. Отандық актерлермен қатар, фильмдегі эпизодтық рөлдерге монғол актерлері жұмылдырылған.

«Жаужүрек мың бала» фильмі – 2012 жылғы қазақ кинематограф саласындағы ең ірі әрі бірегей жобасы. Режиссер Ақан Сатаев түсірген бұл фильм мамыр айында көрермендер назарына ұсынылатын болады. Киносыншылардың айтуы бойынша, бұл фильм әлемдік экрандардан көрсетіліп, қазақ киносының мерейінің асуына ықпал етеді.

Суреттер: yvi.kz, kazakhfilmstudios.kz

12
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 10:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.