Кино. Биыл жарыққа шығатын фильмдер

Кино. Биыл жарыққа шығатын фильмдер

Бәзбіреулер 2012 жылды "Ақырзаман жылы" деп атап, бір өзгерістің боларына сенім білдіруде. Ал кино түсірушілер мұндай сөздерге құлақ аспай, өз көрермендеріне жаңа туындыларын ұсынуға асығуда. Қызықты оқиғалар желісі мен сүйікті әртістердің ойынын көруге болатын әр түрлі жанрда түсірілген бірталай фильм 2012 жылы жұрт назарына ілінеді. Әрине, олардың көрермендердің көңілінен шығатынын дөп басып айту қиын. Әйтсе де, биыл жарыққа шығатын бірқатар фильмдерді көрермен қауым тағатсыздана күтіп жүргені хақ. Назарларыңызға экраннан алдағы айларда көрсетілетін фильмдер тізімін ұсынамыз.

Аштық ойындары (The Hunger Games)


Сьюзан Коллинз шығармасының желісімен түсірілген фантастикалық оқиға. 12 өңірден тұратын Панем мемлекетінде жыл сайын аштық ойындарын өткізеді. Ойынға қатысатын жұптар ақтық сынға дейін бірігіп жаудан қорғануы керек. Ақтық сынға түскенде бұл жұп өзара тартысқа түседі. Ойын шарты бойынша, тірі қалған жан жеңіске жетеді. Фильмнің бас кейіпкерлері Кэтнисс пен Пит ойынға қатысады. Пит Кэтнисске сырттай ұнатады. Бірақ та, ойынның аты ойын. Пит өзінің жанын сүйіктісі үшін қияды ма?!

Қазақстандағы премьерасы 23 наурызда өтеді.

Титаник 3 D (Titanic 3 D)


Әйгілі кино. Әйгілі оқиға. Әйгілі махаббат хикаясы. Джеймс Кэмеронның романтикалық блокбастері 3 D форматта жарыққа шығады. Әйгілі оқиғаны баяндайтын бұл фильм өткен ғасырда әлемдік рекордты жаңартқан еді.

Жаңа форматтағы фильм экраннан 5 сәуірден бастап көрсетіледі.

Мың бала


Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауға қарсы тұрып, елін қорғаған өжет жастар туралы түсірілген Ақан Сатаевтың фильмі. Тарихтан сыр шертетін шытырман оқиғада қазақтың ерлік көрсеткен ұл-қыздары мен батыр тұлғаларының болмысы бейнеленеді.

Тарихи фильм көрермендер назарына сәуір айының 25-жұлдызында ұсынылады.

Мадагаскар 3 (Madagascar 3: Europe’s Most Wanted)


Үлкеннің де, кішінің де қызығушылығын оятып, көңілінен шыққан мульпликациялық туынды өз жалғасын табуда. Бұл жолы Алекс, Глория, Марти және Мелман кезбелі цирк құрамына қосылады.

Атақты төрттік өз көрермендерімен маусым айында қауышатын болады.

Мұз дәуірі 4: Континетальды дрейф (Ice Age: Continental Drift)


Мультипликациялық қызықты оқиға жалғасады. Қатты жел салдарынан өз тобынан алыста қалып қалған кейіпкерлер айсбергпен мұхитты шарлап, мүлдем болмаған керемет мекендерге тап болады. Ал Скрэт аңсаған емен жаңғағына қол жеткізеді.

Қызықты оқиғаны 12 шілдеде көре аласыздар.

Кек мекені 5: Жаза (Resident Evil: Retribution)


Танымал триллердің бесінші бөлімі. Кемені басып алу операциясы кезінде тірі қалған басты кейіпкер Элис пен оның серіктері суға кеткен кеме ішінде болады. Олар өз өмірлерін сақтап қалуға тырысады.

Шытырман оқиғаға толы фильм экраннан қыркүйек айында көрсетіледі.

Сумерки. Сага. Таңсәрі, 2-бөлім (The Twilight Saga: Breaking Dawn — Part 2)


Танымал оқиғаның жалғасында сүйіктісі сияқты вампирге айналатын Белланың өмірі туралы баяндалады. Фильмде басты кейіпкерлердің өміріндегі өзгерістер мен жаңа қауіптер туралы суреттеледі.

Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген оқиғаның жалғасы қараша айында көрсетіледі.

Тізімдегі кинолардың қай-қайсы да барынша танымал. Қай киноны тағатсыздана күтесіз?


Суреттер: samogo.net, hunger-games.ru, corphost.org, www.kazakhfilmstudios.kz 

Ғ. Ұзақ