Биыл сәбилі болған қазақстандық жұлдыздар

Биыл сәбилі болған қазақстандық жұлдыздар
Фото: tengrinews

Соңғы алты айда қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің бірқатары әке, ана атанды. Олардың ішінде көпшілікке танымал әншілер де бар.

Таяуда атақты әнші Ерлан Көкеев төртінші рет әке атанды. 44 жастағы музыкант пен оның жұбайы Анар Көкееваның тұңғыш ұлы дүниеге келді. Нәресте 19 қазанға қараған түні дүние есігін ашты. Әншінің Айгерім, Рената және Сәтті атты үш қызы бар. 

"КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды. Әнші мен оның жолдасы Әлішер Нұржанов тұңғыштарына Әмина деген есім берді.

Әнші Лидо үшінші сәбиін өмірге әкелді. Ұл бала Лос-Анджелестегі перзентханалардың бірінде туылды. Нәрестеге Рамис есімі берілді. Айта кетейік, әншінің Риана есімді қызы мен Рахман деген ұлы бар.

Белгілі шоумен, цирк әртісі Мұрат Мұтырғановтың тұңғыш баласы дүниеге келді. Қуанышты жайт 22 маусымда Алматыдағы перзентханалар бірінде болды. Мұрат Мұтырғановтың өзі жұбайы Алеся босанған кезде жанында болған. Балаға Майкл деген ат қойды.

Қазақстандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаев екінші рет әке атанды. Әншінің Мархабат есімді жұбайы өмірге ұл бала әкелді.

Алмас Кішкенбаевтың екінші қызы дүниеге келді.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық белгілі әнші әрі тележүргізуші Карина Абдуллина ана атанды. Өмірге келген ұл балаға Альберт деген есім берілді. Карина Абдуллина мен оның жолдасы Монако ханзадасы Альбертпен танысқаннан кейін ұлдарына осы есімді беруді ұйғарған.

"Арнау" дуэтінің әншісі, актриса Салтанат Бақаева екінші ұлын өмірге әкелді.

"Қазақстан аруы" атағының екі бірдей иегері ана атанды — Айдай Исаева (2014 жыл) және Айнур Төлеуова (2011 жыл). Екі ару да өмірге ұл бала әкелді.

Сонымен қатар, қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша екінші балаларының өмірге келуін күтіп жүр.


Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін