Салтанат Бақаева екінші перзентін дүниеге әкелді

Салтанат Бақаева екінші перзентін дүниеге әкелді
Фото: baistars.kz, comode.kz

«Арнау» тобының мүшесі Салтанат Бақаева Әділ есімді ұлды дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі comode.kz порталына сілтеме жасай отырып.

Нұржан есімді жігітке тұрмысқа шыққан Салтанат Бақаева үлкен ұлы Әмірді дүниеге әкелгенде көпшілік қуанып, әншіні жан-жақтаған құттықтаған болатын. Дәл сол көрініс бір апта бұрын тағы да қайталанды.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Арнау» тобының мүшесі Салтанат Бақаеваның Әділ есімді екінші ұлы өмірге келді. Топтағы әріптесі, әнші Нұржан Керменбаев инстаграм желісі арқылы жұрттан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығымен бөліскен болатын. Міне, жақында Салтанаттың құрбылары мен күйеуінің достары арнайы ақ қағазға жылы сөздерін жазып, перзентхана ішін шар мен гүлге толтырды.

Аяқ-қолын бауырына алған Салтанат тыңдармандырынан алған құттықтаулары мен ақ тілектеріне рақметін айтып, алғыс білдірді. Ендеше біз де әншіге бауы берік болсын демекпіз! 

Қ. Бүйенбай