"Демеушіміз Болашақ" ауылдың тамаша түнін үй тапсырмасында көрсетті (Видео)

"Демеушіміз Болашақ"  ауылдың тамаша түнін үй тапсырмасында көрсетті (Видео)
Фото: 1080.plus

Жазғы ауылда болып көрдіңіз бе? Болсаңыз, сәкіде (тапчан) жатып, жұлдызды түннің астында талай қызық оқиғаларды бастан өткіздіңіз. Масаға таланып, ауылдың түрлі ысқырықтарын естіп, түнімен үретін иттердің дауысына елең етіп жатып, таңның да атып келе жатқанын көріп тәтті ұйқыға кеткенсіз.  Осы бір қайталанбас қызық шақты ұмыту да мүмкін емес. Өткеннің бір белгісіне айналған осы бір керемет көріністі астаналық "Демеушіміз Болашақ" жайдарман құрамасы өздерінің үй тапсырмасында әсерлі жеткізе білген. Сонымен түнгі ауылдың көрінісіне сіз де куә болыңыз.

B. ZHAQSYMBET