Жайдарман әзілдері. "Боранқұл" командасы (Видео)

Жайдарман әзілдері.  "Боранқұл" командасы (Видео)
Фото: youtube.com

Жастардың басты назар аударатын ойынына айналған жайдарман бүгінде өз биігінен төмендеген жоқ. Керісінше, еліміздің әрбір өңірінен жаңа командалар келіп сахнаның сәнін келтіруде. Әрбір ойын жаңа әзіл мен шынайы күлкі сыйлайды. Қазіргі уақытта жайдарман ойындарының әртүрлі кезеңдері бар, олардан сүрінбей өткен команда финалдық ойынға жолдама алып, чемпион атағын иемденеді. Жайдарманның жаңа командасы өздерінің тың идеясымен үй тапсырмасы кезінде халықтың көңілінен шықты. "Назар аудар" командасының ойыншысымен бірге көрініс қойған Маңғыстау облысының  "Боранқұл" құрамасы техас төріндегі бір көріністі көзге елестетті.  

B. ZHAQSYMBET