6-8 сәуір күндері Кітап жәрмеңкесі өтеді

6-8 сәуір күндері Кітап жәрмеңкесі өтеді
Фото: massaget.kz

2017 жылғы 6-8 сәуір аралығында сағат 10.00-де Алматы қаласы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығында ҚР Ұлттық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Атакент-Экспо» Халықаралық көрме компаниясы, Қазақстанның баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығымен бірлесіп «Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесін өткізеді.

«Ұлы Жібек Жолымен – 2017» көрмесі Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердегі баспагерлер, кітап таратушылар және полиграфистер қызметінің және Алматы қаласы қонақтары мен тұрғындарының мәдени өміріндегі маңызды оқиға.

Көрменің негізгі мақсаттарының бірі – Қазіргі замандағы қазақстандық кітаптарды кеңінен таратуға және отандық кітап басу саласын нығайтуға ықпал ету, баспа ісінің субъектілері арасында тәжірибе алмасу, отандық кітап нарығында ұлттық өндірушілердің орнын бекіту, көптеген елдердің баспагерлік, полиграфиялық және кітап сатушы компаниялар мен фирмалар арасында мәдени және іскерлік байланыстарды ұлғайту, елдер мен серіктес кәсіпорындар арасындағы байланыстарын ары қарай дамыту, кітап полиграфия, кітап сатуға және өндіріске соңғы технологияларды еңгізу.

Көрмеге кітапханалық және баспа-полиграфиялық салалардың өзекті болашақ даму перспективалары мен мәселелерін талқылауға, іскерлік және кәсіби байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға жиналатын Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Үндістан, Түркия елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық кәсіпорындары мен кітапханалары қатысады.

«Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфиялық көрменің ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және басқа да ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланды. Көрме барысында Олжас Сүлейменов, Роллан Сейсенбаев, Мұхтар Шаханов, Ермек Тұрсынов, Беларусь Республикасының делегациясымен және т.б. кездесулер ұйымдастырылады. Көрмеге арнайы қатысуға ISSN Халықаралық орталығының директоры Гаэль Беке (Париж қ., Франция), ТМД елдерінің кітап палаталарының өкілдері келеді.

«Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфиялық көрме бағдарламасында кітап нарығының мамандарына: баспагерлерге, кітапсатушыларға, әдеби агенттіктерге, полиграфиялық кәсіпорындары және т.б. арналған шығармашылық кештер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа іс-шаралар енгізілген.

Көрме жұмысы барысында ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен – әр елдің кітапханаларына «Кітапхана ұлттық сапалы адами капиталын қалыптастыруда» атты семинар кездесу өтеді.

Көрме аясында өнер, оқыту, техникалық, ғылыми-көпшілік, балалар әдебиеттері, баспа шешімдері – басу және баспаға дейінгі дайындық, электронды кітап басу, мерзімді басылымдар, полиграфиялық қызметтер мен материалдар, баспа графикасы ұсынылады.

Балалар шығармашылығы, әдеби ойындар мен жұмбақтарды, өлең оқуды және т.б. енгізілген, балалар бағдарламасы әзірленген.

«Ұлы Жібек Жолымен – 2017» IX Халықаралық кітап және полиграфиялық көрмесінде алғашқы рет Грузия, Украина, Қазақстанның әйгілі гроссмейстерлері қатысатын «Ходжа Насретдин» атты І Халықаралық шахмат турнирі өтеді. Турнирге кез келген адам қатыса алады.

@. @assel_assanova