Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Кітап оқымайтын досқа кеңес...

Кітап оқымайтын досқа кеңес...

Кітап оқымайтын досқа кеңес...

Жастар кітап оқу жайына келгенде біраз тосырқап қалатын әдет тауыпты. Кітап оқу – жақсы мен жаманның парқы, мәдениеттің биігі, өз-өзіңді дамыту құралы болса, неліктен көркем шығарма оқу деңгейі тым төмен?

Әбден жауыр болған мәселе шығар, десек те, жастарға септігі тиер деген оймен кітап оқудың жолдарын қарастырдық. Ендеше, оқып көр...

"Адам кітап оқуды қойса, ойлауды да қояды..."

Д. Дидро

  • Кітапты күштеп оқыған соң, одан алған білімді міндетті түрде пайдалану керек. Мәселен, кітап оқып болған соң, қандай пайда алғаның туралы ойлан.
  • Оқу алдында барлық керек-жарағыңды жаныңа алып, атқарылар жұмысты бітіріп ал.
  • Кітапты оқитындар – ақылдылар, білімділер екенін біл. Кітапсыз-ақ өмір сүруге болады дейтін адамдардан арыл.
  • Кітаптың бәрі бірдей емес. Адамгершілікке тәрбиелейтін классикалық туындылардан бастап, танымдық, тарихи, тіпті де эксперименталдық шығармаларды оқуға тырыс.
  • Том-том кітаптан бастаудың қажеті жоқ. Шамадан тыс оқу жүйке жүйесіне әсер етіп, көзге зиянын тигізуі мүмкін. Қысқа шығармаларды оқып бітірген соң, нирвана болатынын психолог мамандар дәлелдеген.
  • Әр сөйлемге назар аударып, әр сөйлемдегі мазмұнға нанып, өзгеге алаңдамай, шын мәнінде (!) оқы.
  • Әдеби газет-журналдарға шолушы бол. Әдеби процессті қадағалап отыру қажет.
  • Оқуды хоббиіңе айналдыр.
  • Өзіңе де, достарыңа да себепсіз кітап сыйлайтын әдет тауып ал.
  • Көзге оңай көрінетін жерге қай шығарманы оқығаның жайлы, қай шығарманы оқуды жоспарлағаныңды жазып қой.
  • Кітап оқу орныңды сайлап ал, бұл жер жылы, ыңғайлы, жарық болуы керек.
  • Өзіңе ұнайтын тақырыптағы кітаптарды жинап, бірінші кезекте соларды оқып тауысқан пайдалырақ.
  • Сахналанған, кино сценарийіне арқау болған кітаптарды оқы. Фильмін де көруге болады.
  • Кітапқұмар достар тап, керегіңді сұрап, кітап айырбастап отыру да пайдасыз емес.
  • Оқыған шығармаң туралы ой бөліс, әңгіме, мақала, пікір жаз.
  • Әр кеште ұйқы алдында кітап оқы.
  • Кітап оқудың пайдасы еңбекақы секілді айдың соңында бола салмайды. Мұны мойындау керек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: images.yandex.kz

2503 0
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 қараша 2012, 14:50
Пікірлер
+0
26 қараша 2012, 12:15

Автобуста кітап оқып отыр :roll:

+0
26 қараша 2012, 12:25

Осы мен автобуста кітапқа не ұялы телефоныма қарасам-ақ бірден көзім қарауытып, басым айнала бастайды. Неліктен екен... гайморит?

+0
26 қараша 2012, 14:20

мен ғылыми КІТАПТАРДЫ көп оқимын :idea: :idea:

+0
26 қараша 2012, 15:05

кітап оқымаған күнім құрсын!))

+0
26 қараша 2012, 16:58

Мына жазғаныңыз бір керемет дүние екен...

+0
26 қараша 2012, 23:11

"Кітап оқудың пайдасы еңбекақы секілді айдың соңында бола салмайды. Мұны мойындау керек". Өте дұрыс айтылған сөз. :!:

+0
27 қараша 2012, 00:31

қандай кітаптан бастау керектігі жазылса ғой енді, бәріміз бірге оқитын едік шіркін...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...