Қайғы – жыртық көйлек

Қайғы – жыртық көйлек
Фото: fonday.ru

Жапон халқы күрделі сөздермен қарапайым ой білдіргісі келгендей болады. Бірақ астарына үңілсеңіз әр сөз батпандай ауыр мағынаға ие. 

Кетем дегенді кідіртпе, қалам дегенді қалқалама.

Алыс жол да жақыннан басталады.

Төсекте жатқанда ешкім де сүрінбейді.

Шай мен тағам суық босла, төзуге болады. Бірақ көз бен сөз суықтығы шыдатпайды, өңменіңнен өтеді.

Шешімі табылатын мәселені уайымдаудың қажеті жоқ. Шешімі табылмаса, уайымдағаннан пайда жоқ.

Жаман адамның досы болғанша, жақсы адамның қасы болған артық.

Жоғары шыққысы келген кісі саты ойлап табады.

Күн дұрыс пен бұрысты алаламайды, ешқандай мақсат-мүддесіз кез келген кісіге шуағын шашады. Ол өз нұрына мұқтаж бір жан болса да табылатынын біледі.

Қолыңнан келгеннің бәрін істе, ал қалғанын тағдыр еншісіне қалдыр.

Теңіз кішкене өзендерге тіксінбеуімен ұлы.

Шарапты ішетін адам оның зиянын білмейді, ішпейтін адам пайдасын білмейді.

Қайғы жыртық көйлек секілді, оны үйде қалдыру керек.

Махаббат бар жерде шешек жарасы да бет шұңқыры тәрізді әдемі.

Бір жағымды сөз қыстың қаһарлы үш мезгілін де жылыта алады.

Жындылар мен ақымақтарға жол бер.

Бұтақтың суретін салғанда жел сыбдырын есту керек.

Адамға күдіктенбес бұрын анық-қанығын жеті рет тексер.

Тәуекелге бел бумай тұрып, он ойланып, мың толғаныңыз. Шешім қабылдаған соң, ойды өзгертпеңіз.

Әділдік шектен шығып кетсе, ақымақтыққа дейін жетуі мүмкін.

Күлкі бар үйде бақыт баянды болады.

Кім қарсыласынан жарты сағат артық шыдамдылық танытса, жеңіс соның қанжығасында.

Күліп тұрған бейнеге ешкім оқ атпайды.

Он жаста – ғажайыпсың, жиырма жаста – данышпансың, ал отыз жаста – қарапайым адамсың.

Білмегенді біреуден сұрасаң ұялу сезімің бір минуттан аспайды, білмей жүре берсең өмір бойы ұялып өтесің.

Терең өзен тыныш ағады.

Тұспалмен түсіндірілген ойдан сіз не ұқтыңыз? Қай сөз көбірек ұнады?

@. @assel_assanova