Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Жанымда бол, сүйiктiм...

Жанымда бол, сүйiктiм...

Жанымда бол, сүйiктiм...

Қуаныш Жазай - 1994 жылы 5 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылында дүниеге келген. Қазірде "Қайнар" университетінде Филология мамандығының бірінші курсында оқиды.

Сен қашан ораласың?..

Жабырқатып көңілдің шағаласын,

Бір сағыныш орнады санаға шын.

Бүгін поезд оралды Алматыға,

Алматыға сен қашан ораласың?

 

Бір үміт пен бір күдік санама кеп,

Айқасады.

Екеуі салады әлек.

Өзің жақтан оралған сол пойызға,

Қарап тұрмын сен келіп қала ма деп.

 

Түсіп жатыр адамдар сабылысып,

Соғылысып,

Көрісіп, сағынысып.

Саған ұқсас жан көрсем сен бе екен деп,

Ұмтыламын жүрегім алып ұшып.

 

Көптен бері күткенім өзің едің,

Күте берем...

Келесің...

Сезінемін.

Кезігуде кейбіреу сүйгеніне,

Сүйгеніме мен қашан кезігемін?

 

Сен кеткенде жай ойнап аспанымнан,

Қимастықтан жүзімді жасқа жуғам.

Сен жайғасқан сол вагон, сол орыннан,

Түсті міне басқа ару, басқа бір жан...

 

Шаттандырып көңілдің шағаласын,

Қашан, жаным, мен жаққа жол аласың?

Бүгін поезд оралды Алматыға,

Алматыға сен қашан ораласың?..

Мен жаңылсам жүр, сәулем, сен кешіріп

Мен жаңылсам жүр, сәулем, сен кешiрiп,

Сен жаңылсаң жүрейiн мен кешiрiп.

Бiздегi өкпе...

Бiздегi пендешiлiк,

Ғайып болсын бiр жола жерге сiңiп!

 

Мен жыласам жүр, сәулем, сен жұбатып,

Сен жыласаң жүрейiн мен жұбатып.

Ортақ болсын бiздерге ендi қайғы,

Ортақ болсын бiздерге ендi бақыт!

 

Үмiттердiң жалғайық жiбiн iзгi,

Аялайық бiрiмiз бiрiмiздi.

Таңымызды күлкiмен атырайық,

Батырайық күлкiмен күнiмiздi.

 

Мен де суып...

Кетпешi сен де суып,

Ендi өкпелеп қалмайық,

Ендi өшiгiп.

Бiздегi өкпе...

Бiздегi пендешiлiк,

Жоқ болсыншы бiр жола жерге сiңiп!..

Қоштасу

Сен де кеттің басқаға,

Мен де кеттім,

Арқалап ап сен бөлек, мен бөлек мұң.

Сен басқамен емдейсің жан жараңды,

Мен басқамен жарамды емдемекпін.

 

Жол бастадың,

Мен-дағы жол бастадым,

Ор басқаным беймәлім,

Сор басқаным.

Сен басқаның енесің құшағына,

Құшағына енемін мен басқаның.

 

Өшкен үміт жалт етіп жанбас тағы,

Шырқатылмас сезімнің алғашқы әні.

Сен басқаны ойлайсың бұдан былай,

Бұдан былай ойлаймын мен басқаны.

 

Өткен күндер ғажайып ертек екен,

Ертек күннің ғұмыры келте ме екен?

Сен басқаға жаным деп еркелейсің,

Мен басқаны жаным деп еркелетем.

 

Қоя салдық оп-оңай нүктені де,

Қос жүректің осы ма күткені де?

Менің сонда аяулы махаббатым,

Шыныменен осылай біткені ме?..

Сүйгеніме

Нұрыма - нұр,

Қолыма - қолыңды ұсын,

Ерiтейiк көктем боп көңiл қысын.

Сүйшi менi...

Сүйейiн мен де сенi,

Сол арқылы сүйейiн өмiрдi шын.

 

Жырыма - жыр,

Сезiмге - сезiмдi ұсын,

Өзiң ұғып сырымды, өзiң түсiн.

Сезiм құсын кеудемнен ұшырайын,

Қондырып ал кеудеңе сезiм құсын.

 

Арманға - арман,

Тiлекке - тiлектi ұсын,

Жүрегiме үн қатсын жүрек тұсың.

Жанашырым сен болшы өмiрдегi,

Мен болайын өзiңнiң тiрек-күшiң.

 

Бағыма - бақ,

Барыма - барыңды ұсын,

Жаныңды ұсын,

Сөнбейтiн жалынды ұсын.

Аяулым-ау, өзiңдi көргелi мен,

Тапқандаймын өмiрден бағымды шын!

Жанымда бол, сүйiктiм, ару мүсiн!..

Бағыңды бағала!

Өзгеріп, құбылып бір демде,

Барады зымырап уақыт.

Алданып алдамшы күндерге,

Жүрсің сен жанымды жылатып.

 

Мендегі арманды, тілекті,

Қалайша түсінгің келмейді?

Болдың ғой жаралап жүректі,

Айтшы оны енді кім емдейді?

 

Жасырып сырыңды, шыныңды,

Неліктен осынша қинайсың?

Мен күткен шуақты, жылуды,

Қашан сен жаныма сыйлайсың?

 

Күтейін, шыдайын тағы мен,

Жүрегім, бұған да көне ғой.

Мен сенің бақытың, бағың ем,

Бірақ та жүрсің сен елемей.

 

Өзіңе арнаймын барымды,

Ұғынсаң ой бірге, жан бірге.

Басыңа кеп қонған бағыңды,

Абайсыз ұшырып ап жүрме!

 

Алданба алдамшы күндерге,

Қатеңді кешпейді уақыт.

Сен мені жылатып жүргенде,

Мен сені кетпейін жылатып...

Қайырлы түн тілеймін

Саған, жаным, қайырлы түн тілеймін,

Сиқырлы ұйқы,

Сиқырлы үн тілеймін.

Сенің тәтті ұйқыңды бұзбасын деп,

Періште боп жаныңа бір түнеймін.

Саған, жаным, қайырлы түн тілеймін!

 

Түнде де ойлап,

Мені еске түсірерсің,

Барлық шаттық мен болып түсіңе енсін.

Періштелер салып ап алақанға

Аяласа?..

Ол мен деп түсінерсің.

 

Нұрлы күнге жетуге тағат бар ма,

Саулығыңды тапсырдым жаратқанға.

Қайырлы түн!

Жаным-ау, күліп ұйықтап,

Күліп оян арайлы таң атқанда!..

 

Сағын мені

Сағын мені, жаным-ау,

Сағын мені,

Сағыныштан табылар жаның емі.

Сағын мені!..

Бойыңды, өзегіңді,

Сағыныштың өртесін жалын лебі.

 

Жолға қара сарылып,

Жолға қара,

Ізім жатыр шұбалып кең далада.

Сағын мені түндерде кірпік ілмей,

Қадірімді білерсің сонда ғана.

 

Ерік бермей бойыңа жалындарың,

Сағыныштан бір сәтке арылмағын.

Сағын бәрін...

Өткеннің сағын бәрін,

Керек емес уайымнан арылғаның!

 

Сағына бер!

Басқадай жоқ амалың,

Сағыныштан сарғайсын орамалың.

Сағым болып алысқа кеткеніммен,

Бағың болып бір күні ораламын...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: blogspot.com

13414 5
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 ақпан 2013, 01:03
Пікірлер
+0
04 ақпан 2013, 10:44

Керемет інім!

+0
04 ақпан 2013, 17:47

қоңыр өлең, бұл неткен момын өлең!

+0
04 ақпан 2013, 22:32

Жақсы өлеңдер! Қарапайым тілмен-ақ орасан ойды жеткізе білетін ақын бауырыма сәттілік тілеймін!

+0
06 ақпан 2013, 15:46

Керемет екен!

+0
09 наурыз 2013, 16:44

"...Сағым болып алысқа кеткеніммен,
Бағың болып бір күні ораламын..." !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...