«Поэтикалық дуэль» 4-шығарылым (Видео)

«Поэтикалық дуэль» 4-шығарылым (Видео)

Жуырда ғылымның Хан-Тәңірі атанған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған біршама жас ақын қатысты.

Жыр додасын туған өлке, ел, жер, қарасирақ бала мен қаракөз қыздарды сөз еткен Ретбек Мағаз бен Шерхан Талаптың  дуэлімен жалғағалы отырмыз.

Шерхан Талап - 1993 жылы БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылына қарасты Кіші Айдархан елді-мекенінде дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті. Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Халықаралық ХХVII «Шабыт» фестивалінің Әбділдә Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері.

Ретбек Мағаз -  1989 жылы ҚХР дың Алтай өңірінде туылған. 2007 жылы ата мекенге келіп, 2012 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін журналистика мамандығы бойынша тамамдаған. Қазір сол оқу ордасында әдебиеттану мамандығының магистранты. Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы.

Келесі шығарылымнан Нұртас Тұрғанбек пен Нысанбек Сәуленің арасындағы нәзік поэзияны көре аласыздар.

Оқи отырыңыздар:

1. «Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлі)

2. «Поэтикалық дуэль» 2-шығарылым (Әріби ­­­­­­­­­­‑ Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзаттың дуэлі)

3. «Поэтикалық дуэль» 3-шығарылым (Бекзат Смадияр мен Мөлдір Айтбайдың дуэлі)

Сурет: ©massaget.kz

Е. Жұмабайұлы