«Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Видео)

«Поэтикалық дуэль» 1-шығарылым (Видео)

Жуырда ғылымның Хан-Тәңірі атанған қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде Мұхтар Әуезов атындағы әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Поэтикалық дуэль» атты жыр кеші өткен болатын.

Өскелең ақындардың шеберліктерін шыңдап, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен бұл дуэльге Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан жыр қаруын сайлаған жас ақындар қатысты.

Әдебиет сүйер қауымға таңдай қақтырып, ерекше өнерлерімен қатар өр өлеңдерімен есте қалған Нұрболат Жолдасбек пен Батырхан Сәрсенханның дуэлін ұсынамыз.

 

Нұрболат Жолдасбек 1994 жылы 8 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Қамқалы ауылында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 3-курс студенті. Республикалық Дельфий ойындарының жеңімпазы.

Батырхан Сәрсенхан – 1995 жылы 28 наурызда ОҚО, Ордабасы ауданы, Ақпанбатыр ауылында туған. Қазір Түркістан қаласындағы ХҚТУ-дың  журналистика факультетінің 3-курс студенті. Халықаралық ХХVII «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы; 

«Поэтикалық дуэль» атты видеожоба алдағы уақытта өз жалғасын табады. Келесі шығарылымнан Әріби-Әрібек Өр Алтай мен Асыл Ерзат жұбын көре аласыздар.

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы