Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жылан жылы жыландармен бірге

Жылан жылы жыландармен бірге

Жылан жылы жыландармен бірге

"Жылан жылы құт-береке әкелсін" дейік. Қазақ тарихына көз салсақ, ескі заманнан бері жылан жылы аса ауыр болмаған сыңайлы. Қазақ тарихындағы молшылық, байлық әкелген жылдар осы бір бауыры суық жануармен тұспа-тұс келетін сияқты. Осы ғасыр басталғалы бері адамзат атаулының жыландармен болған түсінісуі арта түскен сияқты. Әр елде жылан бағатындар жайлы хабар үнемі көрсетіліп тұрады. Тіпті еліміздің солтүстік өңірлерінде де түсі түгілі, аты суық жануардың бағбандары көбейе бастаған. Төменде сіздерге адамзат пен жыландар достығы жайлы суретті хабарлар топтамасын ұсынамыз.

 2009 жылы 31 желтоқсанда түсірілген

Австралиялық Хэйли есімді бүлдіршін өгей әкесі баққан Мюррей атты жыланмен жақын дос екен. Бұл жыланның ауырлығының өзі Хэйлидің дене салмағынан ауырлау. Ал ұзындығы оның бой биіктігінің үш есесіндей. Бұл екі дос кейде ренжісіп те қалады екен. Ондайда Мюррей досының төсегіне өзі іздеп келіп, қыр соңынан қалмай қояды екен. Оның әкесі: «Бұл жылан ежелден адамға зақым тигізіп көрген жоқ. Тіпті мінезі де салмақты. Мен оның жанында қызымды өте қауіпсіз сезінемін» дейді. 

2004 жылы 24 мамырда тілшілер түсірген сурет

Қытайдың Хай Нан аралының тұрғыны Хуаң Кэй Ниңнің ауырлығы 100 қадақ болатын анаконда баққанына ұзақ жылдар болған. Бұл сүркейлі жылан бағбанның ұлы туылғаннан бастап жақын дос боп кеткен. Тіпті ата-анасы үйде жоқ күндері бұл жылан табиғи «бала бағушыға» айналып, оның қауіпсіздігіне кепілдік етеді екен. Былай қарағанда ертегі секілді болғанымен, екеуінің достығы шынында да таңғаларлықтай. Оның ұлы біресе жыланға мініп алып, біресе алысып ойнайтын көрінеді.

Каджол Хан көзілдірікті жыланмен бірге

Мына суреттегі индиялық бүлдіршін қыз Каджол Хан «жылан тілін білетін қыз» атанған. Ол өзі баққан жыландармен ғана емес, бейтаныс, адамға үйретілмеген улы жыландармен де жақын дос боп кете барады. Ол тіпті осы жыландармен ойнау үшін сабақтан да қашып кететін күндері болады екен.

Эдвард Мерсера өзі баққан алып жыланмен бірге. 2012 жылы 24 наурыз 

Американың Флорида штатындағы жылан аулаушы Эдвард Мерсера есімді азамат бала күнінен бастап жыландар өміріне қызыға бастаған. Ол үйінде баққан сары түсті жылан – жер бетіндегі ең алып жыландардың бірі. Оны жергілікті тұрғындар «Айдаһар көндіруші» деп атайды екен. Оған жергілікті үкімет алып жыландар көндіруге құқық берген. Ол «жыланда да өзге жануарлар секілді мінез болады. Бір түрдегі алып жыландардың ішінде де тентегі, бұзығы, ақылдысы, момындары бар. Ең тентек, ең сүркейлі жыландарды да көндіруге болады» дейді.

Путран өзі баққан жыландармен. 2011 жыл 10 маусым

Суреттегі индонезиялық азамат Путраны да жұрт жылан тілін біледі деседі. Ол кез келген жыланды өне бойына шырмап алып, жұртты таң қалдырады. Әдетте үйінде өзі баққан 30 түрлі жыланмен бірге өмір сүреді екен. Бұл жыландардың кейбірі өте улы болып, тек бір рет тістеген сәтте тіл тартпай кетуіңіз әбден мүмкін екен.

«Жыланға табыну» мерекесінен бір көрініс

Қытайдың Фу Жиан өлкесі Нан Пың ауданындағы тұрғындар жыл сайын «жыланға табыну» мерекесін өткізіп тұрады. Ондағы жергілікті тұрғындар ешқашан жыланнан қорықпайды. Әр жылы осы мереке қарсаңында жас балалар қолына, мойнына жылан орап саяхатшыларды баурайды. Олардың айтуынша «жыланға табыну» салтының мың жылдық тарихы бар екен.

Жылан пірі - Сью Коулман

Англияның Лондон қаласының тұрғыны Сью Коулман есімді әйел нағыз «жылан пірі» деуге лайық. Ол үйінде 45 түрлі жылан бағады екен. Ол 17 жылдан бері осы саламен айналысып келеді. Оның шағын бау-бақшалы саяжайы жылан ордасына айналып үлгерген. Оның ішінде анаконда секілді алып жыландардан бастап, екі кішкене бидай жыланына дейін бар.

«Жыланмен достасу» ғылыми-талқы жиналысы

Қытайда 2010 жылы 21 қарашада 5-кезекті «жыланмен достасу» ғылыми-талқы жиналысы өткізілді. Жер-жерден келген 140-қа жуық жылан баптаушы маман жылан бағу, жыланмен достасу, жыландардың мінез-құлқы, жыландарды қорғау туралы пікір алмастырды.

Үрейлі сұлулық

2007 жылы 18 тамызда Берлин қаласындағы киім-кешек көрмесінде бір сәнгер әйел өзімен бірге ерекше алып жыланды сахнаға алып шықты.

Эммануэль Танко алып жыландармен бірге. 2013 жылы 3 ақпан

Филиппин елінің Малабон қаласындағы хайуанаттар бағының бастығы Эммануэль Танконың өзі баққан жыландары жатын бөлмесінде қайшыласып жатады. Ол осыдан бұрын бірнеше рет жыландарды қорғау жөнінде әр түрлі шаралар өткізген болатын.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: couriermail.com, xinhua.net, huffingtonpost.com,

baidu.com, burmesepythonhunter.blogspot.com

9400 12
Рейтинг: +8

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 11 ақпан 2013, 17:30
Пікірлер
+0
11 ақпан 2013, 18:33

Бұл жылан дегенің өзің тиіспесең, тиіспеймін дейтін көрінеді. Бірақ кім білген... Өзім жанына жолай алмайды екем. Анау адамдардың жүрегінде түгі бар-ау! Материал қызықты!

+0
11 ақпан 2013, 18:43

Эдвард Мерсера жыланының түсі жаман екен. Ал материал шыныменде қызықты!

+0
11 ақпан 2013, 19:52

жыландардан қорқамын(((

+0
11 ақпан 2013, 20:12

макала шынымен кызыкты екен. атын естігеннен корка бастайсын. алып ана алып жыландар жайлы айту тугінлі естудін озі дененді калтыратып жібереді гой. дегенмен, ол да табигат атанын бір перзенті. оларда да озіндік карым-катынас бар. бейне кушік пен мысыкты аялап баккандай оларды да бакпасак та аялап журген жөн гой.

+0
11 ақпан 2013, 21:32

Денем түршігіп кетті ғо. Мен қатты қорқам

+0
11 ақпан 2013, 22:59

Жыланды корсем денем тутиркенип кетеди,катты коркам :D материал мыкты екен! :!:

+0
12 ақпан 2013, 00:43

өте тартымды материял. еңбектенгенің көрініп тұр. "жыланның аяғын көрген журналиссің-ау".

+0
12 ақпан 2013, 01:13

fuuuuuuuu bizge ustatip koisak jilan aspanga uwip top ete tusip jarilip ketetin bolar :P

+0
12 ақпан 2013, 03:56

жыланды тірілей көрсем денем түршігеді ауылда мал бағып жүргенімізде жылан көрсем артқа қашып геройларды алына жіберетінбіз :lol: талай сағат көрсетеді деп не істемедік десенші жыланга

+0
12 ақпан 2013, 08:41

мундай урейлі, суық жануар жайлы жақсы лебіз естімеп ем. көп түсінікке ие болдым. олар затында өте қорқынышты, өте сүркейлі деп ойлаушы ем. олардың да адамға ықыласы ауатын сәттері болады екен-ау. Рахмет, бауырым. Ризамын саған.

+0
12 ақпан 2013, 20:58

Менің де үйде жыланым бар, жездем малайзияға барғанда сатып алып келген еді

+0
12 ақпан 2013, 20:58

өзім жыланнан қорықпаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...