Сіз білесіз бе?

Сіз білесіз бе?
Фото: zaczytaga.blogspot.com

Кей сөздердің ғылыми мағынасын білмей, бір сөздің орнына көп сөзді қолданып, ойымызды нақты жеткізе алмай жатамыз. Ғылыми атаулары халықаралық терминге айналып кеткен ондай сөздер өте көп. 

1. Петрикор – жаңбырдан кейінгі  жер иісі.

2. Эглет – металдан немесе пластиктен жасалған ұзын нәрселердің бастапқы іске қосатын жері.

3. Мондегрин – ән мәтініндегі түсініксіз сөздер қатары.

4. Фосфен – көзіңізді жұмғанда көретін беймәлім бейнелер. Мұның түске қатысы жоқ, бұлыңғыр нәрсені жатқыза аламыз.

5. Колливубл – асқазан аштықтан дыбыс шығаруы.

6. Ламниската – шексіздік белгісі.

7. Дисания – таңертең ұйқыдан, төсектен тұра алмай адам денесін ауыр сезінуі.

8. Интерробанг – сұрақ белгісі мен леп белгісін қатар қолдану.

9. Пунт – шарап бөтелкесінің  төменгі  бөлігі.

10. Филофобия – ғашық болудан қорқу.

Сіздің де сөздік қоржыныңызда мұндай сөздер кездесетін болар. Бөлісе отырыңыз!

Ә. Жутаева