Бойы ұзын адамдар ақшаны көп табады екен

Бойы ұзын адамдар ақшаны көп табады екен
Фото: autodidactus.ru

Бойы аласа адамдарға қарағанда бойы ұзындар ақшаны көп табады әрі бақытты өмір сүреді екен.

Америкалық әлеуметтанушылар - Дьюка Дункан университетінің оқытушылары Томас мен Дэниель Лафейв жеті жыл бойына жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша осындай мәлімдеме жасады. Бойы ұзындар аласа кісілерге қарағанда өнімді жұмыс істейтін көрінеді. Әрі олар қызметте де жолы болғыш.

Зерттеушілер индонезиялық бойы 170 сантиметрден кем емес азаматтар сағатына 1000 индонезия  рупиін (АҚШ-тың 0,8 долларына тең) алса, бойы 155 сантиметр келетін оның әріптесі осы мезгілде одан анағұрлым кем табыс тапқанын айтады. Түрлі мамандық иелерінің ақыл-ой еңбегін де саралап көрген ғалымдар:«Біздің ешқандай күмәніміз қалмады. Еңбек нарығында адамның бойы ерекше маңызға ие екен», - деген пікір білдірген.

Бойы ұзындарға көрсетілетін құрмет  те ерекше. Әсіресе оларға әйелдер жақын келеді.  Ал медицинада бойы ұзындардың өзгелерге қарағанда ұзақтау өмір сүретіндіктері де дәлелденіпті.  Осыдан соң ойға қаласың...

Дереккөз: aikyn.kz

О. Сансызбай