Петрикор деген не?

Петрикор деген не?
Фото: optika4.ru

Петрикор – жаңбырдан кейін пайда болатын иіс. Әсіресе, ұзақ құрғақшылықтан кейін жауған жаңбыр кезінде бұл хош иіс өрши түседі. Бұл терминді адамзат сөздігіне 50 жыл бұрын ылғалды ауа-райының иістерін зерттеуші австралиялық ғалым енгізген. Бұл жаңбыр кезінде хош иіс болып ауаға тарап, жауыннан соң жерге сіңетін өсімдік майы.

Адамдарды керемет сезімге бөлеп, табиғи иіс тудырушы келесі бір себепкер – бактериялар. Актиномицеттер деп аталатын топырақ бактериялары түрлі химиялық заттар бөледі. Ал оның бу тамшылары ауаға тараған кезде өзімізге таныс жағымды иіс пайда болады.

Жаңбыр иісіне ұқсастық озон иісінен де байқалады. Найзағайлы жаңбыр кезінде найзағай жарықтары сутек және азот молекулалырын атмосферада ыдыратып, олар өз кезегінде азот оксидіне трансформацияланады. Пайда болған азот оксиді ауадағы басқа да химиялық заттармен әрекеттесіп, өткір иіске ие болса да, көпшілікке ұнамды озон түзеді. Сондықтан себепсіз жаңбырдың иісін сезінуіңіз желдің ырқымен келген озон иісі болуы да мүмкін.

Дереккөз: sabaq.kz

@. @assel_assanova