Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Еуропа / Оксфорд университеті

Оксфорд университеті

Оксфорд университеті

Кембридж, Оксфорд, Гарвард десе талапкерлердің көз алдына бірден көгал алаңдар, дана профессорлар, ескі кітапханалар мен мұнтаздай кампустар келеді. Массагеттіктер оқу құнының қанша тұратынын, оқуға түсу тәртібін және әлемнің үздік университеттері талапкерлерге қандай талап қоятынын анықтады. Сонымен бүгінгі бағдарламада – Оксфорд университеті.

Оксфорд түлектерінің арасында 50-ге жуығы Нобель сыйлығы лауреаты атанған. Бұл әлемдегі ең ескі университеттердің бірі болып есептеледі сондықтан оқуға қабылдау конкурсы кезінде бір орынға 5 адам бағын сынайды. Статистика бойынша түлектердің 93 пайызы алған білімдерімен қанағаттанады. Қабылдау кезінде бір мамандыққа ғана оқуға түсу өтінішін білдірген болсаңыз 11 £ тұрады, ал ағымдағы жылы бірнеше өтініш білдіру 22 £ тұрады. Бір қызығы талапкер өз өтінішін бір мезгілде Оксфордқа және онымен әрдайым бәсекелестікте жүрген Кембридж университетіне жібере алмайды. Университеттің алғаш кірпіші қаланғаннан бері оның қабырғасында 138 елден келген студент білім алды.

Қабылдау мерзімі

2012 жылы өтініш жіберудің ең соңғы мерзімі 15 қазан. Емтихан нәтижелері келесі жылдың жартысында жарияланады.

Оқуға түсу тәртібі

Ең алдымен болашақ мамндығыңыздың қандай болатынын шешіп алған жөн және таңдауыңызға байланысты өзгеретін оқу алды талаптарды анықтап алу керек: мүмкін арнайы тесттер орындау немесе берілген тақырыпқа эссе жазу керек шығар.  Өтініш беру Ұлыбританияның барлық ЖОО-ларына ортақ порталы  UCAS арқылы жүзеге асады. Бұл сайтта сізге қалаған университетті таңдауға мүмкіндік беріледі.

Үміткерлерге қойылатын талап

Жоғары баға мен ағылшын тілін жақсы білу. Шетел студенттеріне түрлі талаптар қойлады: әсіресе қазақстандық студенттердің  А-Levels немесе International Baccalaureate (IB) кавалификацияларынан өтулері қажет. Сондай-ақ америкалық SAT немесе  ACT емтихандары жарайды.

Ағылшын тілі бойынша минималды баллдар: Internet-TOEFL – 100 балл; IELTS — 7.0;

Біліктілік емтихандары: A-Levels — AAA немесе ААА*, IB — 38, SAT-Critical Reading — 1400, SAT-Math — 1400, SAT-Writing — 700, SAT-Subject Test — 700 балл.

Алғашқы сынақтар

Желтоқсан айында талапкерлердің тест және жазба жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес ары қарай сұхбатқа жолдама алатын үміткерлердің тізімі шығады. Егер үміткерлердің виза алумен немесе сапармен байланысты әлдеқандай қиындықтар туса сұхбатты телефон немесе Skype арқылы өткізуді сұрануға болады.

Оқу құны

Оксфорд университінің оқу құны мамандыққа, азаматтыққа және оқу жылы санына байланысты. Мысалы, 2011/2012 жылы компьютер ғылымдарына оқитын шетел азаматтарына жалпы есептегенде  27 770 £ болды. Оның 14 550 £ оқуға кетсе, 5 920 £ материалдық және техникалық қамсыздандыруға байланысты шығындалды, және де шамамен 7300 £ жатын орын мен жеке шығындарға жаратылды. 

Кампус

Өзіндік көпғасырлық тарихында Оксфорд талай танымал да ұлы адамдарды көрді. Дәл осы жерде Гарри Поттер фильмінің түсірілімі өткен болатын, Льюис Кэрролл «Алисаны» жазды, ал кампустың ескі готикалық ғимараттарымен шабыттанған Толкиен «Сақина әміршісіндегі» сарайлардың суретін салған.

Мұражайлар мен кітапханалар

Оксфордта 102 кітапханадан тұратын желі бар, оның 30-ы Еуропаның ең ескі кітапханалары атағына ие. Және Англия бойынша кітапханалар көлемі жағынан екінші орынды иеленетін – Бодлиандық Оксфордта орналасқан. Оның қорында 11 миллион кітап бар. Университеттік мұражай коллекциясы өзіне Ashmolean Museum of Art and Archaeology, University Museum of Natural History, Pitt Rivers Museum, Museum of the History of Science, Bate Collection of Musical Instruments, University of Oxford Botanic Garden, Harcourt Arboretum и Christ Church Picture Gallery жинақтарын қамтиды.

Онлайн Оксфорд

Оксфордтың  онлайн-курстарының көмегі арқылы драмалық романдар жазып үйренуге, нанотехнология ежелерін оқуға немесе викингтер жайлы білуге болады.

Форумда талқылау

Суреттер theroryandpractice.ru сайтынан алынған

5748 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 13 наурыз 2012, 19:08
Пікірлер
+0
14 наурыз 2012, 14:47

Эх шіркін

+0
05 қаңтар 2013, 00:36

Мұнда оқу үшін Ғалым болу керек шығар!!! :lol: :!: ;)

+0
08 қаңтар 2013, 17:51

Ғалым емес ,ақша болып тұр ғой мәселе :lol:

+0
06 сәуір 2013, 23:31

өте ежелгі университет...

+0
20 тамыз 2014, 19:41

акша да білім де керек! 8-) 8-) 8-)

+0
09 тамыз 2015, 23:10

грант барма

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...