Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Демалыста арзан қонақүй таңдаңыз

Демалыста арзан қонақүй таңдаңыз

Демалыста арзан қонақүй таңдаңыз

Қонақүй таңдау оңай шаруа емес. Көпшілік қауымның пікірінше, демалыс кезінде неғұрлым қымбат қонақүйде тұрақтанса, көрсетілетін қызмет те соғұрлым жоғары болады. Қымбат қонақүй қызметкерлері сізді алақанына салып, қызметтің түр-түрін көрсетіп, жаныңыздан шықпайтын болады. Өкінішке орай, бұның бәріне көбіміздің қолымыз жете бермейді. Әрине, қымбат қонақүй бөлмелері барлық керекті дүниелермен жабдықталған, жайлы әрі таза келеді. Алайда, демалысқа жинаған ақша-қаражаттарыңызды үнемдегіңіз келсе, арзан қонақүй таңдағаныңыз жөн.

Демалысыңызды алдын ала жоспарласаңыз, сіз қанша уақыт қонақүйде өткізетініңізді есептей аласыз. Кейбір қонақүй бөлмелерінде дала гүлдері жайқалып,  қымбат жиһаздар болады, сәнді перделер ілініп тұрады. Қонақүй тек тұрақтайтын орын ретінде керек болса, сізге күнделікті ауыстырылатын жайқалған гүлдердің қажеті қанша?!


Егер бөлмеңізге түнгі уақытта демалу үшін ғана келсеңіз, сіздің қымбат жиһаздың сұлулығына не сәнді перденің әсемдігіне қызығатын уақытыңыз болмайды.

Қонақүйді таңдамас бұрын картадан оның орналасқан жерін қарап алыңыз. Егер қонақүй орталықта я көрікті мекендердің маңында орналасса, оның бағасы өзгелерден жоғары болады. Сондықтан, демалысыңыздың бағдарламасын алдын ала жоспарлаңыз. Сапарыңыз мәдени-танымдық бағытта болса, сізге орталықта тұрақтаған абзал. Ал егер көп уақытыңыз жағажайда өтетін болса, қонақүйді жағажай маңынан таңдаған жөн. Арзан әрі алыс емес.

Кейбір қонақүйлерде спа-салондар мен тренажер залдары жұмыс істейді. Демалыс кезінде жаттығу жасайтын я салонға баратын уақытыңыз бола ма? Ал консерьеж-қызметі тәулік бойы көрсетіле ме?! Сіз қажеті болмайтын қызметтерге не үшін төлеу керексіз?! Қонақүй таңдамас бұрын сізге керек болмайтын қызметтердің бар екенін ескеріңіз.

Қазіргі таңда, қонақүйді арзан бағамен алдын ала таңдап қоюға болады. Ол үшін тұрақтайтын қонақүй сайтына кіріп, онлайн тәртібінде қалаған бөлмені таңдап, өз атыңызға бекітіп қоя аласыз. Қонақүй таңдаған кезде халықаралық терминдер мен қысқартуларды ескеріңіз.

Суреттер: turist.rbc.ru, dengikakdengi.ru

Форумда талқыға салу

3251 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 ақпан 2012, 09:00
Пікірлер
+0
04 наурыз 2012, 01:02

жақсы кеңес екен

+0
04 наурыз 2012, 02:40

Қонақүй туралы емес, палатка туралы жазсаңдарш))) бізге қолжетімдірегі сол ғо)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...