Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Наурыз айындағы демалыс

Наурыз айындағы демалыс

Наурыз айындағы демалыс

Қыс мезгілінің ызғары мен аязынан кейін ерекше серпіліс жасап, күлімдеген көктем мезгілінде алыс-жақын шетелге барып, демалуды ойлап жүрсіз бе? Демалу үшін ең қолайлы мезгіл наурыз айы екенін білесіз бе?

Жағажайдағы демалыс

Наурыз айында Үндістанның мұхит жағалауындағы Гоа штатынының ауа райы қысқы айларға қарағанда жылы болып, ауа ылғалдылығы жоғарылайды. Ауаның орташа температурасы +31°С, ал судың орташа температурасы +28°С. Көктем айларында бұл штатта муссон маусымы басталады. Гоадағы демалыс тек жағажайдағы қызықтармен шектелмейді. Бұл жақта демалушыларға арнайы экскурсиялық бағдарламалар қарастырылған. Саяхатшылар жергілікті будда ғибадатханаларын аралап, қолтырауындар мекендейтін шығанақтарды көре алады.

Наурыз айында Таиланд елінде күн қатты ыстық болады. Пхукет, Ланту (Лантау), Самет, Яояй, Краби және Пипи (Пхи-Пхи) аралдарында жаңбыр жаумайды, ауаның орташа температурасы +32°С, ал судың орташа температурасы +28°С.


Мальдив аралындағы демалыспен қатар, Шри-Ланка елі жергілікті көрікті мекендерді аралау бағдарламасын ұсынады. Сигириядағы Арыстан жотасы, Полоннарува, Дамбулла, көне үңгір ғибадатханасы, Кандидегі Будданың Қасиетті Тісі ғибадатханасы, Патша өсімдік бақшасы, Дәмдеуіш Бақшасы, піл өсіру фермасы сияқты мекендерді аралап, ән-би шоу-бағдарламасын тамашалай аласыз.

Наурыз айында Мысыр елінің Хургада және Шарм-эль-Шейх шипажайлары аса жылы болмайды. Ауа температурасы +25°С-тан аспайды. Алайда, осы кезде қонақ үй мен демалыс жолдамасының бағасы арзандайды. Наурыз айы жағажайдағы демалысқа аса қолайлы болмаса да, саяхатшылар бұл жаққа Мысыр пирамидаларын аралаумен қатар, Ніл өзенінің бойымен қыдырып қайту үшін келеді.

Біріккен Араб Әмірлігінің ауарайы наурыз айында +25°С-қа дейін, ал су температурасы +20°С-қа дейін көтеріледі. Наурыз айында сауда орталықтары мен кешендерінде жеңілдіктер маусымы кең етек алады.

Экзотика

Экзотиканы қалайтындар Қытай еліндегі Хайнань аралына барып демала алады. Бұл жақта экзотика мен жағажайдағы демалысты біріктіруге болады. Ауа температурасы +30°С-қа көтеріледі. Ал судың орташа температурасы +25°С болады.


Наурыз айында Сингапур елінде жаңбыр көп жауғанмен, ауа температурасы +28°С-тан аспайды. Мұндай ауа райы кезінде көрікті мекендерді аралап қайту өте қолайлы.

Балалармен бірге демалыңыз

Оқушылардың көктем демалысы кезінде балалармен бірге Германия, Франция, Чехия, Польша елдерін аралап қайтуыңызға болады. Мысалы, балалармен бірге Берлин қаласындағы таңғажайып қонақ үйді өз көздеріңізбен көріп, Ирландиядағы қорған сарайларда қонып қайта аласыздар.


Ал демалыстың жайлы әрі жақсы өтуін қаласаңыз, оңтайлы демалудың жолдарын ұмытпаңыз!

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

2991 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 31 қаңтар 2012, 14:57
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...