Қанмен қоректенбейтін масалар да бар

Қанмен қоректенбейтін масалар да бар
Фото: 24smi.org

Естімеген елде көп. Масаның қан сормайтын түрлері де болады екен. Олар Оңтүстік және Орталық Америка құрлығында кездеседі.

Қанмен қоректенбейтін масаларды Эстония мен Бразилия елдерінің зерттеушілері тапқан. Олар бірлескен жұмыс нәтижесінде бұл масалардың қан сормайтынын дәлелдеген. Әзірге зерттеушілер қан сормайтын масалардың бес түрін кездестіріпті.

Қан сормайтын масалар ыстық әрі ылғалды ауа райына бейімделген. Ұзындығы 2 миллиметрге жуықтайды. Олар адамды, жан-жануарларды шақпайды. Өсімдік шырындарымен қоректенеді. Сондай-ақ ауру таратпайды екен. 

Ө. Сансызбай